Бизада Жантасова (1950, Қостанай облысы) - Қазақстан Компартиясы XVI съезінің делегаты, 1986 жылдан Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі.

1970-1978 жылдары - Урицк аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатында жалпы цехта оқушы, тігін шебері, кілем өндірісі шебері, шебер кілемші, бас киім тігуші. 1979 жылдан - Қазақ газ өңдеу зауытында технолгиялық құрылғылар операторы, «Қазмұнайгаз» ӨБ» АҚ «ОМГ» ӨФ №2 «Газ өңдеу басқармасы» газ өңдеу цехында технологиялық құрылғылардың 6 разрядты операторы. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған (1986).Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдыққоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:1950 жылы туғандар Санат:Қостанай облысында туғандар Санат:Қазақстан КП ОК мүшелері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:ҚазМұнайГаз тұлғалары