Бәтима Бисенова - 1950 жылы Атырау облысында туған.
1971-жылы Атырау политехникалық техникумын бітірген. 1967-1973 жылдары — «Ембімұнай» бірлестігі Байшонас мұнай кәсіпшілігі басқармасы Қарсақ мұнай кәсіпшілігі автоматика цехының диспетчері. 1973 жылдан Байшонас мұнай кәсіпшілігі басқармасында мұнай өндіру оператор, қабаттың қысымды ұстап тұру бригадасының шебері. 1970 жылы Қазақстан ЛКЖО-ның XII съезінің делегаты. «Ерен еңбегі үшін» , «Еңбек ардагері» медалдарымен марапатталған.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:1950 жылы туғандар Санат:Атырау облысында туғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары