Әбдіров Салман (1909-1989, Атырау облысы). Ембі ардагері. 1924-1974 жылдары - Басқуншақ мемлекеттік зауытының электр монтері, электр цехының электр монтері, шебері, меңгерушісі, Доссор МӨБ-інің электр монтері. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медалдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар