Бегеев Мақаш (1943, Атырау облысы) - мұнай-газ саласының қызметкері. Өмірбаяны Әзірбайжан мұнай және химия институтын бітірген (1973).
1967-1968 жылдары — Маңғыстау газ өндіру басқармасында оператор.
1973-1981 жылдары — «Жетібаймұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында шебер, ауысым бастығы, аға механик.
1981-1989 жылдары — Маңғыстау облыстық халықтық бақылау комитетінде, Шевченко қалалық партия комитетінде жауапты қызметкер.
1989-1991 жылдары — Маңғыстау барлау басқармасында өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженері, нұсқаушы.
1991-1998 жылдары — «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы.
1998 жылдан «Маңғыстаумұнай» акционерлік қоғамының еңбек және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы.
Марапаттары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Мұнайшылар Санат:Қазақстан мұнайшылары