Досанов Оңайбай (1928, Атырау облысы). Атырау мұнай техникумын бітірген (1959). 1953-1977 жылдары — Қаратон мұнай кәсіпшілігінде комсомол комитетінің хатшысы, мұнай өндіру операторы, ұңғыны жер асты жендеу бригадасының тереңдік сораптарын жендеу цехының шебері, кәсіподақ комитетініңтөрағасы, ұңғыны жер асты жендеу цехының бастығы. 1977-1983 жылдары — «Жайықмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында ұңғыны жер асты жендеу шебері. 1983 жылдан зейнеткер. Қазақ KCP Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. КСРО Мұнай өнеркәсібінің үздігі. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары