Оқиғалар
Қаңтар
3 қаңтар - Ригада Кеңес үкіметі орнады. 5 қаңтар - Берлинде "спартакистер көтерілісі" басталды.
Ақпан
3 ақпан - Кеңес әскерлері Украинаны басып алды . 6 ақпан - Германияда Веймар Құрылтай жиналысы өтті, онда оңшыл социал-демократтар жеңіске жетті. 14 ақпан - Поляк-кеңес соғысы басталды.
Наурыз
6 наурыз - Германияда уақытша рейхсвер құру туралы заң қабылданды.
нобай|Рейхсвер сарбаздары шеруде.
11 наурыз - Ағылшын әскерлер Каирдегі демонстрацияны атып тастады. Келесі күні Мысырда бүлік басталды.
Сәуір
1 сәуір - Ағылшын әскерлер Красноводскіде гарнизондарын қалдырып, кеңестік Орта Азиядан кетті. 13 сәуір - Бавар Кеңес Республикасы құрылды.
нобай|Баварияда республиканың жариялануына арналған салтанат.
29 сәуір - Неміс әскерлері мен фрайкор бөлімшелері Мюнхен маңында қарсы шабуылға шықты. 30 сәуір - Архангельск қаласындағы Уақытша үкімет А.В.Колчактың жоғарғы билігін мойындады.
Мамыр
5 мамыр - Мюнхендегі коммунистік қарсылық ошақтар түпкілік басылды. 22 мамыр - Ригада Кеңес үкіметі құлады. 30 мамыр - Руанда мен Бурунди Бельгияның бақылауына өтті.
Маусым
28 маусым - Бірінші дүниежүзілік соғысты ресми түрде аяқтаған Версаль келісіміне қол қойылды.
нобай|Қол қою рәсімі.
Шілде
3 шілде - Контрреволюциялық күштерді басқарған Генерал Антон Иванович Деникин Ресейдің оңтүстігіндегі қарулы күштердің Мәскеуге шабуылының басталуын жариялайтын № 08878 директивасын шығарды.
нобай|Мәскеуге жорықтағы еріктілер.
Тамыз
6 тамыз - Мажарстан Кеңес Республикасы құлады. 19 тамыз - Қызыл әскер Қостанайды алды. 30 тамыз - Қызыл әскер Орск қаласына кірді.
Қыркүйек
2 қыркүйек - Түркістан майданының 3-атты әскер дивизиясы Ақтөбені иемденді. 10 қыркүйек - Антанта елдері мен Аустрия арасында Сент-жермен келісіміне қол қойылды. 11 қыркүйек - Кеңес үкіметі Литваға бейбітшілік келісіміне қол қоюды ұсынды. 20 қыркүйек - Ресейдің оңтүстігіндегі контрреволюциялық қарулы күштер Курск қаласын алды.
Қазан
10 қазан - Антанта жоғарғы кеңесі Кеңестік Ресейге экономикалық блокада жариялады. 29 қазан - Халықаралық еңбек ұйымы құрылды.
Қараша
14 қараша - Омбыны Қызыл әскер бөліктері басып алды. 17 қараша - Қызыл әскердің Бірінші атты әскері құрылды.
нобай|"Қызыл атты әскерге қосылыңыз!" Украин КСР плакаты, 1920 жыл.
Желтоқсан
17 желтоқсан - Аустрияда сегіз сағаттық жұмыс күні туралы заң қабылданды. 21 желтоқсан - АҚШ-тан "Буфорд" пароходымен "большевиктерге жанашырлық танытты" деп күдіктелген 249 адам Кеңестік Ресейге аударылды. 26 желтоқсан - РСФСР-де 8 жастан 50 жасқа дейінгі халықтың сауатсыздығын жою туралы жарлық қабылданды.
Нақты күндері жоқ 1919 ж. Резерфорд альфа-бөлшектердің шашырауы бойынша жүргізілген тәжірибені жалғастыра отырып, азот ядросын оттек ядросына айналдыруды жүзеге асырды.
Туғандар Тағы қара: :Санат:1919 жылы туғандар
Қайтыс болғандар Тағы қара: :Санат:1919 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз
Түсініктемелер
*