Оқиғалар
Қаңтар 1-4 қаңтар – Ресей баға дауына байланысты Украинаға табиғи газ жеткізуді уақытша тоқтатты. 19 қаңтар - НАСА Плутонға бірінші планетааралық ғарыш зондын ұшырды. 25 қаңтар - Хамас 2006 жылы Палестина парламентінің сайлауында жеңіске жетті.
Ақпан
1 ақпан – АҚШ президенті Джордж Буш импорттық мұнайдан тәуелсіз болу қажеттігін мәлімдеді. 8 ақпан - Израиль Яһудея мен Самарияны беруге дайын екенін жариялады. Бұған Палестина ұлттық билігінің сайлауында Хамас жеңіске жеткен соң палестиналықтардан бөлінуге ұмтылу себеп болды. 10-26 ақпан – 2006 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Италияның Турин қаласында өтті. 17 ақпан - Филиппиннің Оңтүстік Лейте қаласында жаппай көшкін болып, шамамен 1126 адам қаза тапты.
Наурыз
2 наурыз – Үндістан мен Америка Құрама Штаттары ядролық энергияны пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Үндістан ядролық клубқа мүше болып, шетелдік ядролық технологияға қол жеткізді. 11 наурыз - Югославия Федеративтік Республикасының бұрынғы президенті Слободан Милошевич Гаагадағы түрмеде қайтыс болды. Сараптама нәтижесінде өлімнің себебі миокард инфарктісі екені анықталды. 21 наурыз – Twitter (қазір X деген атпен белгілі) микроблог және әлеуметтік желі веб-сайты іске қосылды.
Сәуір
9 сәуір – Мажарстанда парламенттік сайлаудың бірінші кезеңі өтті. 11 сәуір - Еуропалық ғарыш агенттігінің Venus Express ғарыш кемесі Шолпанның айналасындағы орбитаға шықты. 20 сәуір - Иран Ресей жерінде уранды байыту бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы Ресеймен келісімге келгенін жариялады. Тоғыз күннен кейін Иран барлық әрекеттерін Ресейге өткізбейтінін жариялап, келісімді іс жүзінде тоқтатты.
Мамыр
2 мамыр — Боливия президенті Эво Моралес елдің мұнай және газ өнеркәсібін ұлттандыру туралы жариялады. 15 мамыр - Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға «терроризммен күресте жеткіліксіз ынтымақтастық үшін» санкция салды. Венесуэлаға қару-жарақ экспортына эмбарго енгізу туралы шешім қабылдады. 18–20 мамыр – Eurovision 2006 ән байқауы Афинада, Грекияда өтті. Финдік Lordi тобы «Hard Rock Hallelujah» әнімен жеңіске жетті.
Маусым нобай|Цетинедегі Черногория тәуелсіздігін жақтаушылар, 2006 жылғы маусым.
3 маусым — Черногорияның Сербия және Черногория мемлекеттік одағынан тәуелсіздігінің жариялануы. 9 маусым - 9 шілде - Германияда 2006 жылғы футболдан әлем чемпионаты өтті. Финалда Италия Францияны жеңді. 28 маусым - АҚШ Қарулы күштері Исландиядан өз әскерлерін шығарып, осылайша Исландияны қорғау күштерін тараты.
Шілде нобай|Сидон маңындағы Газие елді мекеніндегі ғимаратқа Израиль әскери-әуе күштерінің соққысы.
2 шілде — Фелипе Кальдерон Мексикадағы президенттік сайлауда жеңіске жетті. 11 шілде Үндістанның Мумбаи қаласында жеті бірдей жарылыс болып, 200-ден астам адам қаза тапты. Microsoft компаниясы Windows 98 және Windows Me операциялық жүйелерін қолдауды тоқтатты. 12 шілде - Израиль әскерлері «Хезболланың» екі израильдік сарбазды ұрлап әкетіп, тағы үшеуін өлтіруіне жауап ретінде Ливанға басып кірді. Екі күннен кейін «Хезболла» Израильге ашық соғыс жариялады.
Тамыз
14 тамыз – Шри-Ланкадағы азамат соғысы кезінде Муллаитивуда Шри-Ланка әуе күштерінің әуе шабуылында 61 қыз студент қаза тапты. 19 қыркүйек – Тайланд Корольдік армиясы мемлекеттік төңкеріс жасап, премьер-министр Таксин Чинаваттың үкіметін биліктен тайдырды. 24 тамыз - Плутон Күн жүйесінің тоғызыншы планетасы мәртебесінен айырылып, ергежейлі планета деп танылды.
Қыркүйек нобай|Төңкерістен кейінгі күні Бангкок көшелеріндегі Тайланд Корольдік әскерінің сарбаздары.
1 қыркүйек — Roblox ойыны жарық көрді. 28 қыркүйек – «Ксангсане» тайфуны Манила маңынан өтіп, негізінен Филиппин мен Вьетнамда 300-ден астам адамның өліміне себеп болды.
Қазан
6 қазан — Фредрик Рейнфельдт Горан Перссонның орнына Швеция премьер-министрі болды. 9 қазан - Google YouTube-ты 1,65 миллиард долларға сатып алды. 10 қазан - «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің іске қосылуы. 17 қазан — 118-ші элементтің алынғаны ресми түрде расталды.
Қараша нобай|E3 2006 көрмесінде түпнұсқа PlayStation 3-тің («Fat» моделі) прототипі таныстырылды. нобай|Wii сатылымға шыққан күні Гамбургтегі адамдар жиналысы.
5 қараша: Ирак трибуналы Саддам Хусейнге дарға асу арқылы өлім жазасын кесті. Фиджидегі әскерлер коммодор Фрэнк Байнимарама басқарған төңкеріс нәтижесінде билікті басып алды. 8 қараша — Microsoft компаниясы Windows Vista операциялық жүйесін әзірлеуді ресми түрде аяқтап, оны «алтын серіктестеріне» ұсынды. 11 қараша — Sony PlayStation 3-ті шығарды. 12 қараша – Грузиядан бөлініп шыққан Оңтүстік Осетияда тәуелсіздік жөніндегі референдум өтті. 19 қараша – Nintendo Wii-ді шығарды.
Желтоқсан нобай|Мексика әскерлері Мичоакан штатында есірткі картельдерімен күресуде. нобай|2006 жылғы мемлекеттік төңкеріс кезінде/кейін Лабаса бақылау пункті, Вануа Леву, Фиджи.
11 желтоқсан - Фелипе Кальдерон Мичоакан штатында есірткі картельдерімен күресу және зорлық-зомбылықты басу үшін Мексика әскерін жұмылдырып, елде есірткіге қарсы соғысты бастады. 29 желтоқсан – Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алынған ағылшын-американдық несиені өтеп бітті. 30 желтоқсан — Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейн өлім жазасына кесілді.
Қазақстанда нобай|2006 жылы қабылданған теңгенің жаңа дизайны. қаңтар - Доллар бағамы 133,68 теңге деңгейінде болды. 7 қаңтар - Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды. 11 қаңтар - "Қазақстан Республикасының әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы"жарияланды. 31 қаңтар - "Самұрық "ұлттық холдингтік компаниясы "АҚ құру туралы" жарлық шықты. Оны құруға Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың өзі бастамашы болған. Сауат Мыңбаев холдинг төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 13 Ақпан - Cағат 11:40-та Алматы облысының Талғар ауданында "Көктөбе" кенті мен "12 бригада" кенті арасында ауылдық жол жиегінен Алтынбек Сәрсенбайұлының, оның жүргізушісі мен күзетшісінің мәйіттері табылды. сәуір - Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкері ел президентінің Астанадағы кортежіне соғыла жаздады. 10 күннен кейін ғана ҚР СІМ жол полициясының командаларына бағынбаған дипломатқа шара қолдануды сұрап, американдық тарапқа нота жіберді. 6 сәуір - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Көшеней Рүстембекұлы атындағы жырау үйі ашылды. 12 сәуір - Қазақстанда Egov электрондық үкіметі іске қосылды. 18 маусым - 4 сағат 44 минутта ғарыш айлағының 200-ші алаңынан "Протон-К" зымыран тасығышы ұшырылды, оның бортында Қазақстанның алғашқы ғарыш спутнигі болды. 4 шілде - "Асар" партиясының кезектен тыс съезі өтті, онда "Отан" республикалық саяси партиясымен бірігу туралы шешім қабылданды. 14 шілде - Шаңырақ шағын ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер. қыркүйек - "Қазақтелеком" басшысы Қайрат Кәрібжановтың жалақысы айына 365 мың долларды құрады. Ал 2005 жылдың қорытындысы бойынша бонустармен бірге оның шотына 1,7 млн доллар түсті. Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев шенеунікті жұмыстан шығаруды тапсырды және оны заңсыз алынған ақшаны қазынаға қайтаруға міндеттеді. 12-13 қыркүйек - ҚР астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екінші съезі өтті. "Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік" II Съездің тақырыбы осылай айтылды. 3--4 қазан - Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарының III форумы өтті. 25 қазан - Алматыда алғашқы "MEGA Alma-Ata"сауда ойын-сауық орталығы ашылды. 15 қараша - Номиналы 200-ден 10000 теңгеге дейінгі жаңа дизайн банкноттары айналымға енгізілді. желтоқсан - Доллар бағамы 126,92 теңгені құрады. 1 желтоқсан - Мемлекеттік бюджет кірісінің көлемі 2 триллион 92,8 миллиард теңгені немесе 16,7 миллиард долларды құрады. 12 желтоқсан - Нұрсұлтан Назарбаев Астанада құны 2,3 млрд теңге болатын уақыт пен жиіліктің мемлекеттік эталонын ашты.
Туғандар Тағы қараңыз: :Санат:2006 жылы туғандар
Қайтыс болғандар Тағы қараңыз: :Санат:2006 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз
Дереккөздер
*