Аннексия - (, деген сөзден шыққан — қосылған, қосылып алынған) — белгілі бір мемлекеттің басқа бір елдің немесе халықтың (этностың) аумағын немесе жерінің бөлігін басып алып, күшпен өз құрамына қосуы.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Аннексия фашистік Германия мен Италияның, II дүниежүзілік соғыс қарсаңында және тұсында жүргізген милитаристік ның сыртқы саясатында қолданылды. Тарихта Аннексия классикалық мысалы ретінде гитлершілердің 1938 ж. "аншлюс", яғни, Австрияны Германияға күштеп қосқандығын атауға болады. Бүгінгі күні Аннексия мысалы - Израильдің ежелгі араб жерлерін күшпен басып алып, заңсыз ұстап отырғаны - көрнекі.
Сондай-ақ Аннексия - халықаралық қауымдастыққа ортақ кеңістікті (ашық теңіз, теңіз түбін, Антарктиданы және т.б.) басып алу. Аннексия қазіргі халықаралық құқықты өрескел бұзушылық болып есептеледі.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Аннексия мысалдары Хронология Аннексиялаушы ел Аннексияланған ел1552 Ресей патшалығы Қазан хандығы 1581 — 1607 Ресей патшалығы Сібір хандығы 1783 Ресей империясы Қырым хандығы 1820 — 1821 Мысыр Судан 1833 Ұлыбритания Фолкленд аралдары 1845 АҚШ Техас Республикасы 1848 Франция Алжир 1861 Испания Доминикан Республикасы 1879 Жапония Рюкю 1898 АҚШ Гавай аралдары 1908 Австро-Венгрия Босния және Герцеговина 1910 Жапония Корея 1914 Ұлыбритания Мысыр 1914 Ұлыбритания Кипр (арал)Бұған дейін Осман империясына бағынышты болған 1918—1940 Румыния Бессарабия 1938 Германия Австрия Бұған дейін тәуелсіз мемлекет болған 1961 Үндістан Португалиялық Үндістан 1967 Израиль Шығыс Иерусалим 1975 Үндістан Сикким 1976—1999 Индонезия Шығыс Тимор 1975 Марокко және Мавритания Испан СахарасыМавритания 1979 жылы аннексиядан бас тартты, Марокко территорияның 2/3 бөлігін бақылайды. 1981 Израиль Голан шыңдары 1990—1991 Ирак Кувейт 2014 Ресей Федерациясы Қырым мен СевастопольКремльде Қырым мен Севастопольді Ресей Федерациясының құрамына қабылдау туралы келісім-шартқа қол қою рәсімі өтті.
Дереккөздер
Санат:Халықаралық құқық