Абрахам Карл (Abraham Karl) (3 мамыр, 1877, Бремен, Германия – 25 желтоқсан, 1925) неміс психоаналитигі. 1910 жылы Халықаралық психоаналитикалық институттың бөлімшесінің негізін қалаушылардың бірі. Маниакальды-күйзелісті психозды (биополярлық бұзылыс) емдеу әдісін ойлап тапқан. Жыныстық құмарлықтың даму барысында 6 кезеңнен тұратындығын және оның дамуы өткен кезеңдердің бірінде тұрып қалса, фиксацияның нәтижесінде осы кезеңдегі даму үдерісі жүйке жүйесінің бұзылуына әкеп соқтыратындығын дәйектеген. Іргелі жұмыстарының бірі – Либидо дамуының қысқаша зерттемесі (1924).Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4

Дереккөздер

Санат:1877 жылы туғандар Санат:1925 жылы қайтыс болғандар Санат:Германия психоаналитиктері Санат:Германия жебірейлері