Бағырлай – Жайық алабындағы өзен, Жайықтың оң жақ тармағы.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Атырау облысының Индер аудандары арқылы өтеді. Ұзындығы 239 км, су жиналатын алабы 2 мың км2 .

Бастауы Базартөбе ауылы тұсында Жайықтан бөлініп шығады да, онымен қатарласа оңтүстікке қарай ағады. Тереңқызыл көліне жетпей, құмға сіңіп, тартылып қалады.

Гидрологиясы Аңғары мен арнасы кең, батыс жағасы жарлы болып келеді. Жылдық орташа ағыны 2,1 м3 /с. Желтоқсан-сәуір айлары аралығында бетіне мұз қатады. Суы тұщы, лайлы. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады. Өзен бойында ауданы 5,5 км2 Бағырлай бөгені салынған (1965).«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Дереккөздер

Санат:Ақжайық ауданы өзендері Санат:Индер ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері