I Баһадүр () — Ұлы Моғолдар патшалығының 8-ші падишаһы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың жүрежаты. I Акбардың шөпшегі.

Толық атағы: Сайып-и-Қыран, Муаззам Шаһ Әлемгір Сани, Әбіннасыр Сейіт Кутубуддин Әбілмұзаффар Мұхаммед Муаззам Шаһ Әлем I Баһадүр Шаһ, Падишаһ-и-Ғази.

Өмірбаяны I Баһадүр 1643 жылдың 14 қазанында Бурханпур қаласында дүниеге келді. Ол Ұлы Моғолдар падишаһы I Әлемгірдің және Бай бегімнің екінші ұлы болатын. Ағалары мен інілеріне қарағанда Баһадүр шыдамдырақ әрі тыныштырақ болғанды, сондықтан әкесінің сеніміне бөленді: I Әлемгір оны тақтың мұрагері етіп тағайындады.

Әкесінің тұсында ол Деканның (1663-1673, 1678-1680), Мултан, Кабул мен Синдтің (1673-1678), Аграның (1695), Акбарабаттың (1695-1699), Лахор, Мултан мен Учаның (1699), Кабулдың (1699-1707) науаб субадары (наменгері) болды.

Билеген жылдары I Баһадүр 1707 жылдың 19 маусымында 63 жасында таққа отырды. Кәрі жастағы падишаһ тек 5 жыл (1707-1712) биледі. Бастапқыда I Баһадүр тақ үшін өз ағасы әрі ізашары Мұхаммед Ағзаммен соғысты. 1711 жылы Ұлы Моғолдар патшалығына Бутан патшасы Друка Рабдже басып кірді. Патша Ұлы Моғолдарға қарсы шыққан Махендра Нарайян және Яджна Нарайян атты үнді төңкерісшілермен бірігіп, шығыстағы Дакка мен Горагат фауждары Ибраһим хан шабуыл жасады.

I Баһадүр 1712 жылдың 27 ақпанында Лахор маңында 68 жасында қайтыс болды. Оның өлімінен кейін Ұлы Моғолдар патшалығының ыдырауы бастады.

Санат:1643 жылы туғандар Санат:1712 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлы Моғолдар падишаһтары Санат:Үнді монархтары Санат:Үндістанда туғандар Санат:Үндістанда қайтыс болғандар