Уиллард Кристофер «Уилл» Кіші Смит, (; 25 қыркүйек 1968 жылы, Филадельфия, АҚШ) – американ актері, хип-хоп орындаушысы. Екі «Оскар сыйлығы», төрт «Алтын глобус» және бірнеше Грэмми сыйлықтарының иегері. Бірінші некесінен бір баласы бар. Екінші рет Джада Пинкетке үйленген. Бір ұлы және бір қызы бар. Ұлы, Джейденмен бірге «The Pursuit of Happyness» («В погоне за счастьем») фильмінде бірге түскен. Ал қызы, Уиллоумен бірге «Мен аңызбын» фильмінде бірге көрінген. 80-шы жылдардың аяғында ол DJ Jazzy Jeff & the Fresh Prince хип-хоп дуэтінің мүшесі ретінде танылған. Кейін танымал «The Fresh Prince of Bel-Air» («Принц из Беверли-Хиллз») телехикаясында басты рөлді сомдаған. Казіргі кезде басқа да киножобаларға қатысуда.http://www.imdb.com/name/nm0000226/

Отбасы және жеке өмірі Анасы Кэролайн мектеп мұғалімі болып , ал әкесі Уиллард Кристофер Смит — инженер болып жұмыс істеді. Уилл 13 жаста болғанда ата-анасы ажырасып кетеді. Уиллдің өзі 1995 жылы бірінші жұбайы Шери Зампиномен үш жылдан кейін ажырасады. Оның ұлы Уиллард Кристофер Смит III (Үшінші) анасымен қалады. Екі жылдан кейін 1997 жылы 31 желтоқсанда Смит озінің жақын құрбысы Джаде Пинкеттке үйленеді. Джадтан Смиттын екі баласы дүниеге келеді :ұлы Джейден Смит (8 шілде 1998) және қызы Уиллоу Смит (31 қазан 2000). Қызымен бірге «Мен аңызбын» атты киноға , ал ұлымен «Бақыт жетегінде» атты фильмге түседі.

Фильмографиясы Жыл Қазақ тілінде Түпнұсқасы Рөлдері 1990—1996 с Беверли-Хиллз ханзадасы The Fresh Prince of Bel-Air Уилл 1992 ф Ағыспен жүз Where the Day Takes You Мэнни 1995 ф Жаман жігіттер Bad Boys Детектив Майк Лоури 1996 ф Тәуелсіздік күні Independence Day Капитан Стивен Хиллер 1997 ф Қарадағы адамдар Men in Black Джеймс Эдвардс / Агент Джей 1998 ф Мемлекет жауы Enemy of the State Роберт Клэйтон Дин 1999 ф Жабайы, жабайы Вест Wild Wild West Капитан Джеймс «Джим» Вест 2000 ф Багер Ванс аңызы The Legend of Bagger Vance Багер Ванс 2001 ф Әли Ali Мұхаммед Әли 2002 ф Қарадағы адамдар 2 Men in Black II Джеймс Эдвардс / Агент Джей 2006 ф Бақытты аңсау The Pursuit of Happyness Крис Гарднер 2007 ф Мен аңызбын I Am Legend Роберт Невилл 2008ф Жеті өмір Seven Pounds Тим Томас 2012 ф Қара киімділер 3 Men in Black III Джеймс Эдвардс / Агент Джей 2013 ф Біздің заманнан кейін After Earth Кифер Рэйдж2013фТележүргізуші 2: тағыда қайырлы күнAnchorman 2: The Legend Continuesкамео2014фЛюбовь сквозь времяWinter’s Taleсудья2015фФокусFocusНикки2015фЗащитникConcussionдоктор Беннет Омалу2016фЖанкештілер жасағыSuicide SquadФлойд Лоутон / Дэдшот2016фПризрачная красотаCollateral BeautyГовард2017фЯркостьBrightДэрил Уорд2019фАладдинAladdinЖын2019фГеминиGemini ManГенри Броген / Джуниор2019мфКамуфляж бен шпионажSpies in DisguiseЛанс Стерлинг2020фПлохие парни навсегдаBad Boys for Lifeдетектив Майк Лоури2020фКороль РичардKing RichardРичард Уильямс

Дискографиясы Big Willie Style (1997) Willennium (1999) Born To Reign (2002) Lost and Found (2005) TBA (2016)

Сілтемелер Уилл Смиттің ресми сайты

Дереккөздер

Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:Үздік актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері