Ху Ши – қытайдың белгілі ойшылдарының бірі, XX ғасырдың философы, Джон Дьюдің шәкірті және ізін жалғастырушы. 1891 жылы 17 желтоқсанда Шанхайда дүниеге келген. АҚШ-тағы Корнель университетінде оқып келген соң, Бейжің университетінде дәріс берген. 4 мамыр қозғалысының белсендісі. 1938-1941 жылдары Қытайдың АҚШ-тағы елшісі; 1946-1948 жылдары Бейжің университетінің ректоры; 1958 жылдан өмірінің соңына дейін Тайваньдағы Academia Sinica-ның президенті болған. Ху Ши «Свободный Китай» журналының бас редакторы болып қызмет атқарып жүрген кезде журнал Чан Кайшидің сынынан соң жабылып қалады. 1962 жылы 24 ақпанда 70 жасында қайтыс болған.Чжан Жу-синь. Критика прагматистской философии Ху Ши / Пер. с кит. Э. В. Никогосова. М.: Изд-во иностранной литературы, 1958. - 108 с. Дереккөздер
Санат:Тұлғалар