Виктор Трифонович Слипенчук – орыс ақыны, прозаик.

Он төрт жасында аудандық «Черниговский колхозник» газетінде алғашқы өлеңі жарияланады. 1964 жылы Омбы ауылшаруашылық институтын бітірген. 1968 жылы Василий Петрович Скрягинмен серіктес автор ретінде «Бараны-производители Алтайского края» кітабын жазып шығарады. 1982 жылы КСРО Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданады. 2007 жылы жапон «Ронсося» баспасы «Смеющийся пупсик» әңгімелер жинағын басып шығарады. Кітап бір уақытта жапон және орыс тілінде жарық көргендігімен ерекшеленеді.

Шығармалары «Путешествие в Пустое место» «Свет времени» «Зинзивер» «Золотой короб» «Светлое воскресение» «Пеодоление» «Смеющийся пупсик».

Дереккөздер

Санат:22 қыркүйекте туғандар Санат:1941 жылы туғандар Санат:Черниговта (Приморье өлкесі) туғандар Санат:КСРО жазушылары Санат:Барнаул жазушылары Санат:Новгород жазушылары Санат:Мәскеу жазушылары Санат:XX ғасырдағы Ресей жазушылары Санат:КСРО ақындары Санат:Ресей ақындары Санат:XX ғасыр ақындары Санат:КСРО көсемсөзшілері Санат:Ресей көсемсөзшілері Санат:XX ғасыр көсемсөзшілері Санат:XX ғасырдағы орыс жазушылары Санат:Омбы мемлекеттік аграрлық университеті түлектері