Мэгги Чун (, пин.: Zhang Manyu, , 20 қыркүйек 1964, Гонконг)– Гонконг актрисасы.
Биографиясы 1964 жылы 20 қыркүйекте Гонконгта дүниеге келген. Қыздарға арналған St. Paul Convent School гимназиясында бір жыл оқып, отбасымен Ұлыбританияға көшіп кетеді. Демалыс кезінде 18 жасында Гонконгқа келіп, сол жерде қалып қояды.
Модель және сұлулық салонында кеңесші болып жұмыс жасайды. Бір жылдан соң «Мисс Гонконг» сән байқауында екінші орынды иеленеді. 1984 жылдан бастап фильмдерге түсе бастайды. 1998 жылы өзі түскен «Ирма Веп» фильмінің режиссері, француз Оливье Ассаясқа тұрмысқа шығады. 1985 жылы «Полицейская история», 1987 жылы «Проект «А» 2», 1988 жылы «Дракон из России», 1998 жылы «Китайская шкатулка», 2002 жылы «Герой» және 2004 жылы «Очищение» фильміне түскен.
Дереккөздер