Philosophical Transactions of the Royal Society (Корольдік қоғамның философиялық еңбектері) — Лондон корольдік қоғамы басып шығаратын ғылыми журнал. Бастапқыда ол қоғам хатшысының жеке жобасы ретінде басталған. Журналдың негізі 1665 жылы қаланды. Бұл — француздық Journal des sçavans басылымынан кейінгі әлемдегі тек ғылымға арналған екінші журнал, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін шығып тұрған ең көне ғылыми мерзімді басылым. 1752 жылы журнал Корольдік қоғамның ресми басылымы мәртебесін алды. Журнал атауындағы «философиялық» (philosophical) сөзі ол заманда қазіргі ғылымның баламасы болған «натурфилософияға» қатысты қолданылған.

Қазіргі басылым 1887 жылы журнал ауқымы кеңейіп, екі бөлек басылымға бөлінді: оның біріншісі нақты (физикалық) ғылымдарға арналса (Philosophical Transactions of the Royal Society A: Mathematical, Physical and Engineering Sciences), екіншісі тірі табиғат туралы (биологиялық) ғылымдарға бағытталды (Philosophical Transactions of the Royal Society B: Biological Sciences). Бүгінгі таңда қос журнал да тақырыптық жинақтарды және Корольдік қоғамның ғылыми отырыстарында ұсынылған баяндамалар негізінде дайындалған материалдарды жариялайды. Ал бастапқы зерттеу мақалалары осы басылымдардың еншілес журналдарында жарық көреді, олар: Proceedings of the Royal Society, Biology Letters, Journal of the Royal Society Interface, Interface Focus, Open Biology және Royal Society Open Science.»

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания ғылыми журналдары Санат:Ғылым тарихы Санат:Лондон корольдік қоғамы Санат:1665 жылы пайда болған журналдар Санат:Ағылшын тілді журналдар