Алматы Менеджмент Университет (АлмаУ) — Алматыда орналасқан жоғары оқу орны. Бакалавриат, MBA (іскер әкімшілдік магистрі) және DBA (іскер әкімшілдік докторы) бағдарламалары бойынша экономика мамандарын дайындайды.

АлмаУ Қазақстанның алғашқы бизнес ЖОО-лардың бірі болып саналады. Бұл оқу орны 1988 жылы Алматы менеджерлер мектебі ретінде құрылып, 1996 жылы Халықаралық бизнес академияға айналды.

Тарихы Алматы менеджерлер мектебі 1988 жылдың күзінде Алматы қалалық атқару комитетінің қалауымен Союз республикалық кооперативтік бірлестігі құрылады. Бірлестіктің басшысы Леонид Соломин Баянғали Қойшыбаевпен бірге Қазақстанда алғашқы бизнес-мектебін құруға талаптанады10 лет на рынке бизнес-образования — это много или мало? // АльПари. — 1998. — № 4. — С. 69—70.. 1988 жылдың 12 желтоқсанында Союз кооперативтік бірлестігі негізінде Алматы менеджерлер мектебі (АММ) ұйымдастырылады. Оның алғашқы тыңдаушылары партия райкомының мәжіліс залында бір ай оқуға мәжбүр болды. Бірінші кезеңде оқыту қысқа мерзімді курстар түрінде жүргізілді, оларға әдетте жоғары білімі бар адамдар қатыстыЭльмира Пашина. Асылбек Кожахметов: «Учиться и учить бизнесу трудно. Но неизбежно» // Вечерняя Алма-Ата. — 11 желтоқсан 1992.Rotmistrovsky A. Opening of the World of Entrepreneurship // Kazakhstan. — 10 ақпан 1993. — № 6. — P. 5..

1989 жылдың қазанында АММ директоры орнына Асылбек Қожахметов келді, ол осыған дейін бұл мектепте информатика пәнінің оқытушысы болды. 1990 жылы АММ коллективі Халықаралық-бизнес мектептер ассоциациясын ұйымдастыруына қатысты. АММ директоры Асылбек Қожахметов бұл ассоциация кеңесінің мүшесі, сондай-ақ ТМД кәсіпкерлерін дайындайтын мектептер ассамблеясының мүшесі болып саналды.

1992 жылы мектеп MBA бағдарламасы мен басқарушы кадрларға арналған бағдарламаларды құру бойынша жұмысты жүзеге асыра бастадыЮлия Надеждина. Вдогонку за спросом // Вечерний Алматы. — 28 қараша 1994.Тулеген Издибаев. Менеджер — это звучит гордо // Атамура. — 1 желтоқсан 1994.. Сонымен АММ Қазақстанның білім беру нарығына MBA бағдарламасын бірінші болып ұсынғанГульмира Арбабаева, Куат Ибраев. Бизнес-образование Казахстана всё ещё находится на этапе становления // Панорама. — 5 марта 2004. — № 9. — С. 12..

1994 жылы Қазақстанның экономика министрлігі Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүргізілген кәсіпорындарды консультациялау жобасын тендерге шығарды. Тендерге қатысқан алты батыс мекеменің ішінде бесеуі (Еуропалық менеджментті дамыту қоры, Лионның коммерция мектебі, т.б.) АММ-ды ең қолайлы ептеш ретінде атадыНе создавайте выгодную школу бизнеса, создавайте выдающуюся! // Караван. — 7 қазан 1994. — С. 2.. 1995 жылдан бастап бұл оқу орны Алматы менеджмент мектебі деп аталатын болды.

1995 жылдың қазан айында американдық «People to People International» ұйымы табысты экономикалық құтаюы мен жаңа қалыптасатын нарықтық қатынастарда дамуы үшін Алматы менеджмент мектебін «Бирмингем факелі» құрметті сыйлығымен марапаттадыАлматинская школа менеджмента. Не просто красивое словосочетание, но пример успеха // Мир деловой книги. — қыркүйек 1996. — № 4. — С. 2.Алевтина Донских. Философия экономического прорыва: 1+1>2 // Казахстанская правда. — 21 желтоқсан 1996. — С. 1, 3.Эльмира Пашина. Президент Международной академии бизнеса Асылбек Кожахметов: «Дальновидный предприниматель заботится и о прибыли, и о социальной значимости бизнеса» // Казахстанская правда. — 11 қыркүйек 1998. — С. 7..

1996 жылы мектеп тұсында «Адам ресурстарын басқару: стратегия мен практика» атты халықаралық конференция өткізілді. Оған дүниенің 15 мемлекетінен 100-ден астам делегат қатысты, солардың арасында экономика министрі Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан Президентінің экономика сұрақтары бойынша кеңесшісі Алтай Тілеубердин, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бірінші хатшысы Онно Симонс, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Найджел Рингроуз және басқаларНаталья Вержбицкая. Фраза «кадры решают всё» наполняется новым смыслом // Казахстанская правда. — 4 мамыр 1996. — С. 3..

Халықаралық бизнес академияға айналу 1996 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1387 қаулысымен Алматы менеджмент мектебі Халықаралық бизнес академияға айналдыОбучение по МСФО: программа вуза // Евразийский вестник аудитора. — қыркүйек 2003. — № 9 (19). — С. 26—28.. Дәл сол жылы MBA кешкілік бағдарламасының «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша өндірістен қол үзбей оқыту басталды.

1998 жылы Дүниежүзілік банктің Экономикалық даму институты 1998-2001 жылдарға арналған Орта Азия мемлекеттерінің экономикалық саясатын әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу базаны құру бағдарламасын жүзеге асыруға АлмаУ-ды серіктес ретінде шақырдыЛена Ларичева. АШМ отмечает 10-летие на рынке бизнес-образования // Время ПО. — 21 желтоқсан 1998..

1999 жылы АлмаУ канадалық Макгилл университетімен бірге «Кәсіби қаржылық диплом» атты финансистерді дайындау бағдарламасын іске қосуға келістіГде готовят профессиональных финансистов международного класса? // Банки Казахстана. — 1999. — № 6. — С. 15.. Сол жылы франциялық HEC Менеджмент жоғары мектебімен ынтымақтастық келісімін жасасып, «Кәсіби басқару мастері» бағдарламасына қабылдау жүргізедіАдиль Джалилов. Группа слушателей получила сертификаты об успешном завершении программы одной из лучших бизнес-школ Франции // Панорама. — 30 маусым 2000..

2000 жылдың 14 қаңтарында Халықаралық бизнес академиясы жаңа ғимаратының (Абай даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында) ресми ашылуы өттіInternational Business Academy Opens in Almaty // The Times of Central Asia. — қаңтар 27, 2000., оған Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының президенті, АлмаУ қамқоршылар кеңесінің төрағасы Дәулет Сембаев, Алматы әкімінің орынбасары Қозы-корпеш Жаңбыршин, дипломаттар мен бизнесмендер қатыстыОлег Хе. Состоялось официальное открытие Международной академии бизнеса // Панорама. — 21 қаңтар 2000. — № 31 (369).. Бұл кезеңде АлмаУ құрамына экономика саласындағы 8 оқу орны кірген: Алматы менеджмент мектебі, Алматы банкілік оқыту орталығы, «CISKO» желілік пен телебайланыс технологиялар бойынша оқу орталығы, McGill — АММ менеджерлер институты, Экономика мен қаржы институты, Қазақстан маркетинг және менеджмент институты, бизнес-класс, «Өз бизнесіңді бастап, жетілдіре біл» бағдарламасыЖаннетта Ким. Презентация Международной академии бизнеса // Интернет и Я. — январь 2000..

2000 жылдың шілде айында АлмаУ «Филип Моррис Қазақстан» ААҚ-тан компьютерлерді сатып алуға мүмкіншілік беретін грантты иелендіВчера ОАО «Филип Моррис Казахстан» вручил Международной академии бизнеса грант на 10 тысяч долларов для покупки компьютеров, которые пополнят техническую базу учебного заведения // Казахстанская правда. — 13 шілде 2000. — С. 1.«Филип Моррис» предоставил грант Международной академии бизнеса // Панорама. — 14 шілде 2000..

2000 жылы академияда жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы енгізілдіДень открытых дверей // Білім әлемі. — 15 марта 2004. — № 5 (43)..

2002 жылы Еуропалық сапа арттыру жүйесі (EQUIS) критерийлерінің негізінде жүргізілген қоғамдық аккредитацияға Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 65 жоғары оқу орны қатысып, оның 4-уі ғана өтті. Солардың ішінде АлмаУ да болдыТатьяна Королёва. Лишь 4 из 65 университетов Центральной Азии смогли пройти экспериментальную общественную аккредитацию фонда CAMAN в сфере бизнес-образования // Панорама. — 19 шілде 2002. — № 28..

2002 жылдың аяғында Республикалық сапа ассоциациясы өткізген «XXI ғасырға — жалпыға бірдей сапамен!» байқауында үздік басқару жүйесі үшін академия «Білім беру» номинациясының жеңімпазы атандыАлина Гудебская. Ударники капиталистического труда // Технологии управления. — ақпан 2003. — С. 36—37.Татьяна Половникова. Международная академия бизнеса. Лучший менеджмент // Обучение. — 26 ақпан 2003. — № 8 (38). — С. 6..

2003 жылы академия HEC Менеджмент жоғары мектебі (Франция) және Лёвен менеджмент мектебімен (Бельгия) бірге International Executive MBA (IE MBA) бағдарламасын құрастырды. Ол 1999 жылдан бері істейтін «Кәсіби басқару мастері» біржылдық бағдарламасының жалғасы болып саналадыГульмира Арбабаева. МАБ предлагает новую программу MBA, ориентированную на нефтегазовую и энергетическую отрасли // Панорама. — 13 маусым 2003. — № 23 (539).Matvei Sobolev. French activity increasing in Kazakhstan // The Kazakhstan Monitor. — маусым 13, 2003. — № 23 (40).Айгуль Абугалиева. Бизнес образование в Казахстане: от обучения до консалтинга // MARKETинг. — желтоқсан 2003. — № 12 (24). — С. 4—16..

2003 жылы АлмаУ-дың Астанадағы өкілдігі ашылды, онда MBA бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі, корпоративтік семинарлар мен тренингтер өтеді, консультациялық қызмет беріледі.

2003 жылдың шілдесінде АлмаУ базасында Қазақстан-Еуропалық университеттерді стратегиялық басқару орталығы құрылды, оның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Еуропалық менеджмент дамыту қоры, Қазақстан жоғары оқу орындарының ассоциациясы, Қазақстан кәсіби білім беру мекемелердің ассоциациясы, Орталық Азия менеджмент дамыту қоры (CAMAN)Баян Мирханова. Сделать нам ещё предстоит... // Обучение. — 9 шілде 2003. — № 27 (57). — С. 2.Куат Ибраев. Создан центр по подготовке менеджеров вузов // Панорама. — 27 маусым 2003. — № 25. — С. 10.Наталья Тодорова. Университеты объединяются // Казахстанская правда. — 26 маусым 2003. — С. 2..

«National Business» жорналы 2003 жылы жасаған рейтингке сәйкес, Қазақстанда MBA бағдарламасымен оқытатын бизнес мектептердің ішінде Халықаралық бизнес академиясы ҚМЭБИ пен UIB-ні озып бірінші орынға ие болдыЕрден Шодыров. Рынок MBA в Казахстане // National Business. — қазан 2003. — № 1. — С. 30—33.Дарья Мустафина. Образование — это ключ для карьеры. По результатам рейтинга журнала «National Business» программы МАБ заняли первое место среди всех программ MBA в Казахстане // Assandi Times. — 16 қаңтар 2004..

Бүгінгі тарихы

2009 жылы АлмаУ президент-ректоры Асылбек Қожахметов «ЖОО-лар атынан ауыл мектептеріне демеу» атты бағдарламаны ұсынды; бұл бастама бойынша Қазақстандағы 144 жоғары оқу орнының әрқайсысына 200 ауыл ауданның ішіндегі біреуін қамқорлыққа алуы тапсырылды. АлмаУ Айыртау ауданының (Солтүстік Қазақстан облысы) білім беру мекемелері үшін қамқоршы болуды таңдады. Бағдарлама бойынша Айыртау ауданы орта мектептерінің мұғалімдері біліктілік көтеру үшін көктемгі мен күзгі демалыстар кезінде Алматыға ақы төлеусіз шақырылды.

2009 жылдан бастап АлмаУ жариялаған «ЗачОТ» республикалық байқауы бойынша жыл сайын Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті тақырыптарды ең жақсы айқындайтын 20-дан астам журналистер мен БАҚ-тар сыйлықтармен марапатталады.

2009 жылдың күзінде «Даму» қоры өткізген «Бизнес-кеңесші» атты жеке кәсіпкерлерге тегін оқу-әдістемелік көмек көрсету жобасы бойынша АлмаУ оқытушылары «Экспресс-курс предпринимательства» оқулығын шығарды.

2010 жылдың маусымынан бастап АлмаУ Business Education Teachers Academy (BETA) халықаралық жазғы сессиясын өткізеді, бұл Қазақстан мен шетелдік ЖОО-лар педагогтарының тұлғалық өркендеуіне және олардың кәсіби дағдыларының дамуына бағытталған шара.

2010 жылдан бастап академия «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагерін ұйымдастырмақшы болды, бұл жоба қазақ тілін сәйкес тілдік пен мәдени ортаға енгізу арқылы оқытуды көздейді. 2010 жылдың жазында ауыл-лагердің бірінші қатысушылары 83 адам болды, олар — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына енетін компаниялардың бастықтары мен мамандары. 2011 жылы «Ұлытау» лагеріне тағы 60 адам қатысты.

2010 жылы Халықаралық бизнес академиясы Батыс Қазақстанда (Атырау) өз өкілдігін ашты.

2011 жылдың күзінен бастап академия мүмкіншіліктері шектеулі (тіреу-қозғалыс аппараты және көру қабілеті зақымдалған) студенттер мен тыңдаушыларды қабылдай алатын Қазақстанның алғашқы жеке меншікті ЖОО-сы болды, бұл үшін оқу корпусында арнайы дәретханалар, пандустар және лифт жайғастырылған.

Оқыту процессі Халықаралық бизнес академиясында үздіксіз білім беру процессі жүзеге асырылады, ол келесі бағдарламаларды қамтиды: АлмаУ колледжі; бакалавриат (жоғары кәсіби білім беру); іскер әкімшілдік магистрі (MBA);