Евгений Григорьевич Брусиловский (12 қараша 1905, Ресей, Дондағы Ростов — 9 мамыр 1981, Мәскеу) — композитор, педагог, Қазақстанның халық әртісі (1936).

Өмірбаяны Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) консерваториясын бітірген (1931). 1933 жылы КСРО Композиторлар одағының жолдамасымен Алматыға келді. 1933 — 34 жылдары Қазақ музыкалық драма техникумы жанындағы халық музыкасының ғылыми-зерттеу кабинетінде қызмет етті. 1934 — 38 жылы Қазақ музыка (қазіргі Қазақ опера және балет театры) театрының музыкалық жетекшісі 1939 — 56 жылы Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы 1956 — 76 жылдары КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі 1944 — 51 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі 1944 — 70 жылдары Алматы консерваториясының композиция кафедрасының меңгерушісі болды.

Шығармашылығы Брусиловский қазақ музыка өнерінде еуропалық бағыттағы шығармашылық мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосты.

Ол 9 опера, 2 балет, 9 симфония, “Кеңестік Қазақстан” атты кантата, оркестрге, аспаптарға арналған концерттер, 500-ден астам әндер мен романстар, сондай-ақ, Қазақстан әнұранының музыкасын (композиторлар Мұқан Төлебаев, Л. Хамидилермен бірігіп) жазды.

Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол — “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды.

1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” балетін жазды.

Шәкірттері

Б.Байқадамов А.Бычков К.Күмісбеков Қ.Қожамияров Н.Меңдіғалиев Қ.Мусин С.Мұхамеджанов Е.Рахмадиев. Мұқан Төлебаев Орыс және қазақ тілдерінде “Естеліктер” атты кітабы жарық көрді.

Марапаттары

КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948, “Кеңестік Қазақстан” кантатасы үшін) Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1967, “Құрманғазы” атты 6-симфониясы үшін) лауреаты. Ленин Еңбек Қызыл Ту Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған. Есте қалдыру Алматы қаласында Брусиловский атында көше бар.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II томҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

Дереккөздер

Санат:12 қарашада туғандар Санат:Дондағы Ростовта туғандар Санат:9 мамырда қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:КСРО сазгерлері Санат:XX ғасыр сазгерлері Санат:Әнұран авторлары-сазгерлер Санат:КСРО музыка педагогтары Санат:Қазақстан музыка педагогтары Санат:XX ғасыр музыка педагогтары Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Опера сазгерлері Санат:Балет сазгерлері