Яблоновская Ольга Ивановна (1950 жыл туған) - "Атамұра" Полиграфия комбинатының бас экономисі. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық.Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х

1974 жылы Мәскеу полиграфия институтын бітірген. 1967-69 жылы "Өзбекнефттің" Ходжабад кеңсесінде қызметкер, 1969—90 жылы Полиграфкомбинаттың басу цехында жалақы есепшісі, жоспарлау бөлімінің инженер-экономисі, аға инженер-экономисі, 1990—93 жылы жедел басылым баспаханасы жоспарлау бөлімінің бастығы, 1993—96 жылы Полиграфкомбинаттың бас экономисі болып еңбек етті. 1996 жылдан "Атамұра" Полиграфия комбинатының бас бухгалтері.

О.И.Яблоновская — кәсіпорынның қаржы-қаражатын қадағалап, тиімді жобаларға салуды жүзеге асыратын білікті маман.

Дереккөздер

Санат:Журналистика Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері