Жұмашева Сәуле Аманжолқызы— 1964 жылы 18 қыркүйекте Ақтөбе облысында туған. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х

1985 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем сурет училищесін бітірген. 1991 жылы Т.Жургенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркем-сурет институтын бітіріп, енді Қазақстан мемлекеттік өнер академиясына айналған сол оқу орнында жұмыс істейді. 1995 жылы Алматыда жастар көрмесінде. 1996 жылы Алматыда галерея "Бейне М" деп аталатын толық көрмеге, сол жылы тағы да Алматыда "Арт-Еуразия" жастар көрмесіне, Ә.Қастеев атындағы мұражайда өткен "Кісенашқан" деп аталатын көрмеге, "Жігер", "Тәңірі ұмай", "Таңшолпан" атты т.б. көрмелерге қатысты. Сол сияқты Түркияның Анкара қаласында өткен көрмелерге де қатынасты.

1 ден 4 сыныпқа дейінгі дүниетану оқулықтарын безендіруші.

Дереккөздер

Санат:Журналистика Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері