Қараманұлы Қүрманғазы — 1943 жылы 5 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін аудандық "Еңбек туы" газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X.

1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Одан соң "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1976-1996 жылдары "Жалын", "Балауса" баспаларында редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір "Көк Аспан — Қара жер" танымдық газетінің редакторы.

1987 жылы "Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері" атағы берілген.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері Санат:Журналистика Санат:Тұлғалар