Папуа — Жаңа Гвинея (толық атауы — Папуа — Жаңа Гвинея тәуелсіз мемлекеті (, ), , ) — Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ел аумағы құрамына Жаңа Гвинея аралының шығыс бөлігі, Бугенвиль және Бука аралдары (Соломон аралдары), Луизиада және Бисмарк архипелагтарының аралдары кіреді. Жер аумағы 462840 км². Халық саны — 5 млн адам (2001). Астанасы – Порт-Морсби қаласы.
Ресми тілдері – ағылшын тілі, пиджин, моту тілдері де қолданылады. Тұрғындарының 50%-ы протестанттар, 22%-ы католиктер, қалғандары жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады. Елбасы – Ұлыбритания монархы тағайындайтын жергілікті генерал-губернатор. Билік басындағы Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық парламенті. Әкімшілік жағынан 19 провинцияға және 1 астаналық округке бөлінеді. Ұлттық мейрамы – 16 қыркүйектегі Ұлт күні (1975). 1975 жылдан БҰҰ мүшесі. Ақша бірлігі – кина. thumb|Оуэн — Стэнли Ел аумағы негізінен таулы, қыратты. Жағалау бойындағы ойпаттар мен жайпақ тау бөктерлері тау сілемдерін құрайды. Кейбір тау жоталарының биіктігі 3000 – 4000 м. Елдің ең биік нүктесі – Вильгельм тауы (4509 м).
Климаты Климаты субэкваторлық және ылғалды. Жылдық орташа температура 25 – 28ӘС. Жауын-шашынның орташа мөлшемі жазық жерлерде 1000 – 4000 мм, таулы жерлерде одан да көп. Тайфун дауылы жиі болып тұрады.
Гидрографиясы Негізгі ірі өзендері – Раму, Сепик және Флай. Флора және фаунасы Елдің үштен екі бөлігін орман алқабы алып жатыр. Өсімдік әлемі бай, әр түрлі. 1000 – 2000 м биіктікте қылқан жапырақты орман басым. Аралдың оңтүстігінде эвкалипт және акация ағаштары, жағалауларда саго пальмасы мен қант қамысы өседі. Жан-жануарлар дүниесін негізінен бауырымен жорғалаушылар, құстар (500-ге жуық түрі) және жәндіктер құрайды. Қолтырауын, улы жыландар, геккондар көп кездеседі. Казуарлар, тотықұстар, тәжтұмсықты көгершіндер және бейіш құстары кең тараған. Ехидна, проехидна, кенгуру, валлаби, жабайы ит – динго, кускустар, қалталы борсық, жүнқұйрықтар, т.б. мекен етеді.
Tабиғи қорлары Негізгі табиғи қорлары: алтын, күміс, мыс, кобальт, никель, кварц, хромит кені, мұнай, табиғи газ, ағаш.
Тарихы Австронезийліктердің (меланезийліктердің) алғашқы қоныстары б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болған. Жаңа Гвинея аралын 16 ғасырдың 1-жартысында португалдар ашты. Жергілікті тұрғындардың африкалықтармен ұқсастығына байланысты арал осылай аталды. 1828 ж. Голландия аралдың батыс бөлігін өз меншігі деп жариялады. 1862 ж. аралдың бұл бөлігі Индонезия қарамағына өтті. 1884 ж. Жаңа Гвинея аралының оңтүстік-шығыс бөлігі Ұлыбританияның протекторатына айналды, ал солтүстік-шығыс бөлігін Германия басып алды. 1906 ж. Аустралия неміс протекторатының жерін басып алды. Аралдың Жаңа Гвинея деп аталатын бұл бөлігі 1920 ж. Ұлттар лигасының мандатты аумағы ретінде Аустралия Одағына берілді. 1946 ж. мемлекет БҰҰ қамқорлығындағы аумаққа айналды. 1973 ж. желтоқсанда Папуа — Жаңа Гвинея ел ішінде өзін-өзі басқару құқығын алды. 1975 ж. тәуелсіздік жариялап, Ұлыбритания Достастығына мүше болып кірді.
thumb|Уагифа аралындағы Итімен отырған қыз
Экономикасы Экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі. Басты ауыл шаруашылық дақылдары: кофе, какао, банан, кокос пальмасы, каучук өсімдігі. Жүгері, маниок, ямс, батат, таро, қант құрағы өсіріледі. Ет өндірісі үшін мал шаруашылығы жолға қойылған. Балық шаруашылығы жақсы дамыған. Тау-кен өнеркәсібінде алтын, күміс, мырыш, мыс өндіріледі. Экспортқа кофе, какао бұршағы, пальма майы, шай, кокос жаңғағы, каучук, алтын, мыс кентасы, шикі мұнай, ағаш шығарады. Сырттан машина және көлік жабдықтары, азық-түлік сусын, темекі, өнеркәсіп тауарлары, химия өнеркәсібі өнімі, минералдық отын әкелінеді. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері 2390 АҚШ долл. (1997). Негізгі сауда серіктестері: Аустралия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Сингапур, Оңтүстік Корея.
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме Папуастар
* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері