Деркөл, Деркүл – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы жерінен ағып өтеді. Ұзындығы 176 км, су жиналатын алабы 2,25 мың км2.

Бастауы Жалпы Сырт жотасының Ешкітауынан басталады да, Жайық өзенінің сол саласы Шағанға оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Арнасы кең, жағасы жайпақ. Көктемгі су тасу кезінде Деркөлдің жайылмасын су басады. Өзеннің бірнеше кішігірім салалары бар. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 2,4 м3/с. Тұздылығы 0,5 – 1,5 г/л, суы егін суғаруға, жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері