Доңызсырт, сарыкүйік () – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Алтайдың, Сауырдың, Тарбағатайдың, Жоңғар (Жетісу) Алатауының, Тянь-Шаньның субальпілік және альпілік шалғынында өсетін 6 түрі бар. Көбірек тарағаны – Смирнов доңызсырты (С. smіrnovіі). Оның биікт. 15 – 45 см, сабағы тік, жіңішке. Жапырағы қабыршақты, сары қоңыр түсті, масағы (ұзындығы 10 – 20 мм) сабақ ұшына орналасқан. Гүлі дара жынысты, әрбір масағында 7 гүлі бар. Аталығы 3, аналығы 1, жемісі – жаңғақ. Маусым– шілде айларында гүлдейді. Өте құнарлы мал азығы. 1 га жерден 4,5 – 11,0 ц өнім алуға болады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қияқөлеңдер