Жанақ Қамбарұлы“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, Керей Жанақ (1760, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Гүлтөбе ауылы — 1857, сонда) — ақын. Әкесі Қамбар мерген, аңшы болған. Жанақ бала кезінде Қожаберген — Асқан медресесінде, кейін Самарқан медресесінде оқыған. Елге оралып, өзі оқыған медреседе сабақ берген. Жанақ “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырының бір нұсқасын, “Ер Сырым”, “Қазақ ханы Ер Есім”, “Ақпамбет батыр”, “Абылай хан” дастандарын жырлаған. Түбек бастаған 16 ақынды жеңіп шыққан осы Жанақ ақын. Оның шығармаларының көпшілігі сақталмаған. Жанақтың халыққа белгілі шығармалары — “Орынбайға айтқаны”, Түбекпен, Сабырбаймен айтыстары.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар