Жаркент−Арасан — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл. Ауылда республикалық маңызы бар бальнеологиялық шипажай орналасқан.

Географиялық орны Аудан орталығы − Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде, Жетісу (Жоңғар) Алатауының табиғаты әсем шатқалында, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте, Бурақожыр өзенінің аңғарында орналасқан.

Шипажай сипаты 1967 жылы ашылған, 160 орны бар (2009) шипажай. Жыл бойы жұмыс істейді. Негізгі емі – құрамында радоны бар хлор-сульфат натрийлі минералды суы. Қан айналу, жүйке жүйесі, аяқ-қол, буын, тері және гинекологиялық ауруларды емдейді. Климаттық факторлар (таудың шипалы таза ауасы, өсімдігі, табиғат ландшафтысы) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия, массаж, инемен емдеу, емдік дене шынықтыру қолданылады.

Климаты Қысы жұмсақ, жазы қоңыржай, таулы жерге тән. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –5°С, шілдеде 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 700 мм.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен6567 37 55,2 35 19 54,3 32 18 56,3

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы елді мекендері