Кәріқыз«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том () – айлауыктар тұқымдасына жататын бір, екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның сор және тыңайған жерлері мен жол жағаларында өсетін 32 түрі бар, оның 11-і – эндемик. Бұлардың биіктігі 5 – 20 кейде 60 см-дей болады. Сабағы тік, ұшына қарай бұтақталып келеді. Ұзынша жапырақтары мен сабағының сыртын қалың түк жапқан. Гүлдері ұсақ, бес мүшелі, түсі, көбінесе, көкшіл болып келеді. Гүлшоғыры – бұйра, толық жетілгенде жазылып, шашақ гүлшоғырына ұқсайды. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Жемісі – 4 жаңғақша, оның сыртын тікенек жауып тұрады, осы тікенектері арқылы мал жүніне жабысып таралады. Бау-бақшаның арамшөбі. Мал жемейді.
Дереккөздер
Санат:Айлауықтар