Мәулен Сатымбайұлы Мамыров (14 желтоқсан, 1970 ж.т., Алматы облысы Қаратал ауданы Ақиық ауылы) — палуан, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еңбек сіңірген спорт шебері (1994). 1991 жылдан А.Бұғыбаевтың жетекшілігімен жаттықты. Қазақстанның 11 дүркін чемпионы (1992 — 2002).
Өмірбаяны І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін бітірген (1994). 1989 жылдан Қазақстанның ұлттық құрамасында
1997 жылдан “Динамо” ұйымының орталық кеңесінде жұмыс істейді. 2026 жыл Жетісу облысы Талдықорған спорт мектебінің директоры
Жетістіктері
Жастар арасындағы әлем біріншілігінің (Австрия, 1988) қола жүлдегері
КСРО жастар ойындарының күміс жүлдегері (Запорожье, 1989)
КСРО Кубогінің жеңімпазы (Тбилиси, 1990)
КСРО чемпионы (Гомель, 1990)
ТМД елдері чемпионатының қола жүлдегері (Мәскеу, 1992)
Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Хиросима, 1994)
Азия Кубогі жарысының (Индонезия, 1995) жеңімпазы
Орталық Азия ойындарының (Ташкент, 1995) жеңімпазы
26-Олимпиялық ойындардың қола (АҚШ, Атланта, 1996) жүлдегері
Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Ресей Федерациясы, Красноярск, 1997)
Орталық Азия ойындарының (Алматы, 1997) чемпионы
Шығыс Азия ойындарының (Корея, Пусан, 1997) чемпионы
Азия (Ташкент, 1999) чемпионы
Шығыс Азия ойындарының (Жапония, Осака, 2001) чемпионы.
Марапаттары 1-дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VI томҚазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:14 желтоқсанда туғандар Санат:1970 жылы туғандар Санат:Қаратал ауданында туғандар Санат:Қазақстан балуандары Санат:Қазақстанның Олимпиада қола жүлдегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:Еркін күрестен Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:КСРО чемпиондары Санат:Күрестен Азия ойындары чемпиондары Санат:Азия Кубогі иегерлері Санат:Әлем біріншілігінің қола жүлдегерлері Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары