Бибі-сара Ахмедова(27. 1.1931. Алматы) - байланысшы. "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 . Мәскеу энергетикалық институттің бітірді (1957). Еңбек жолын Алматы телевизия орталығының инженерлігінен бастап, оның бастығына дейін өсті. Аппараттық-студиялық телевизиялық кешенінің жабдықталуына қатысты. Рамазан Сейфуллин, Бохай Қожырұлымен бірлесіп телевизиялық орталықтың екінші аппараттық-студиялық кешенін нақыштау жұмысына қатысты.
1965-68 жылдары Республика Байланыс минстрінің радиобайланыс, радиохабар және телевизия дирекциясы бөлімінің бастығы, 1968-75 жылдары Республикалық Байланыс министрінің материалдық-техникалық қамтамасыздандыру басқармасынын бастығы, 1975- 83 жылдары Қазақ КСР Байланыс министрінің орынбасары, 1983- 86 жылдары республикалық жобалау инстиуты "Казгипросвязьдің" директоры. "Құрмет" орденімен, "Еңбектегі ерекшелігі үшін" медалімен марапатталды.
Дереккөздер
Санат: журналистика Санат:Бұқаралық ақпарат құралдары