Виктор Кузьмич Деинека 1937 жылы 16 қыркүйекте РКФСР Донецк облысының Макеевка қаласында туған.
Томск политехникалық институтын (1964)тау-кен инженері-гидрогеолог мамандығы бойынша бітірген.
ҚР Минералдық ресурстар академиясының мүшесі-корреспонденті, Орал геологиялық ғылымдар академиясының мүшесі. 25 геологиялық есептердің, 50-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, ауқымы 1:200000 Мемлекеттік геологиялық картаның 13 парағының, «Торғай имегінің гидрогеологиясы» монографиясының қүрастырушысы және редакторы (2005).
1957 жылдан - Қостанай геологиялық-геофизикалық экспедициясының гидрогеологы, аға гидрогеологы, 1978 жылдан - бас инженері. 1982 жылдан - Солтүстік Қазақстан геологиялық өндірістік бірлестігінің гидрогеологиялық бөлімінің бастығы. 1997 жылдан - «Солтқазжерқойнауы» АБ бөлім бастығы. 1999 жылдан - «Солтқазжерқойнауы» АБ Қостанай облыстық жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясының бастығы. 2001 жылдан - ҚР Минералдық ресурстар академиясы Солтүстік Қазақстан филиалының директоры, төрағасы.
«Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Жер қойнауын барлаудағы еңбегі үшін» медальдарымен, КСРО ХШЖҚ қола медалімен марапатталған. Жер қойнауын барлау үздігі. ҚР Құрметті геологы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:16 қыркүйекте туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Макеевкада туғандар Санат:Томск политехникалық институты түлектері Санат:Қазақстан Минералдық ресурстар академиясы мүше-корреспонденттері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Еңбекте үздік шыққаны үшін медалінің иегерлері Санат:Жер қойнауын барлаудағы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі қола медалінің иегерлері Санат:Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары Санат:Қазақстан құрметті геологтары