Сергей Васильевич Беляев – совет, орыс театр- және киноактері. 1997 жылы Ресейдің еңбек сіңірген әртісі атағын алады.
Өмірбаяны
Сергей Беляев 1960 жылы 17 наурызда дүниеге келеді. Табаков театрының негізін қалағандардың бірі. 1986 жылы қыркүйек айында ГИТИС-ті бітіргеннен кейін Табаков театр тобы құрамына келеді.
Шығармашылығы
Театрлық мансабын Кіші театр сахнасында жұмысшы болып бастайды. Ол жерде Сергейді байқайды. Щепкин училищесіне тапсырады, екі жыл өткеннен кейін оқуын ГИТИС-те жалғастырады. Табаков театрында жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істейді. 1989 жылы Сергей «Песнигода» лауреаты болады.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:КСРО актерлері Санат:Ресей актерлері Санат:Режиссёр Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері