Вадим Борисович Бероев — осетин текті совет театр және киноактері. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі.

Өмірбаяны Вадим Бероев 1937 жылы 10 қаңтарда осетин ауылы Хумалагта дүниеге келеді. Алайда отбасы көп ұзамай Львовқа көшіп барады. 1954 жылы №35 Львов мектебін тәмамдайды. Сонымен қатар музыка училищесін фортепиано класы бойынша тәмамдап шығады. 1957 жылы А.В. Луначарский атындағы мемлекеттік театр институтын бітіреді. Ұзтаздары: Варвара Алексеевна Вронская, Николай Васильевич Петров және Борис Никитович Докутович. 1957 жылдан бастап Моссовета атындағы театрда жұмыс істейді.

Отбасы Әкесі — Борис Бодзиевич Бероев (1905-1976). Анасы — Карафа—Зинаида Эдуардовна Корбут (1898 немесе 1900-1976). Әйелі — Шварева—Эльвира Павловна Бруновская (3.06.1936-11.04.2000). Қызы — Елена Вадимона Бероева (1958) (Моссовета театр әртісі). Немерелері — Егор Бероев (9.10.1977) және Дмитрий Бероев (1988). 1972 жылы Мәскеуде дүниеден өтеді, Введенский (Неміс) мазарына жерленеді.

Сыртқы сілтемелер Биография и фото Вадима Бероева на сайте «Кино-театр»

Санат:1937 жылы туғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО актерлері Санат:Ресей режиссерлер Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері