Күтім немесе Ойықтіс () – тұқылар тұқымдасына жататын ойықтіс балығының түртармағы.

Жартылай өтпелі балық, Каспий су алқабында, негізінен оның оңтүстік-батыс және орталық бөлігінде (Терек өзеніне дейін) тіршілік етеді. Қазақстанда өте сирек, соңғы жылдары оны аулағаны түралы дерек жоқ. Бұрын кейде Еділ мен Жайық өзендеріне өрістейтін, ал оның шабақтары Жем өзенінің жоғарғы ағысында кездесетін. Республикада қолдан өсірілмеген, бірақ, ол мүмкін, себебі осы түр Иранда қолдан өсіріледі. Қазақстандағы таралу аймағы мен санын анықтау керек.

Ұзындығы 65 см-ге дейін жетеді, салмағы 1 – 1,2 кг. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996).Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Тұқытәрізділер