Бағдарламалар аннотациясы (ТВК-6 телеарнасы, Семей қаласы, 1.1.2009)Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009,1-т.–640 б.ISBN 978-601-03-0070-5.

Бағдарлама атауы, мазмұны, уақыты және эфирге берілу мерзімі:

"Әдебиетке құштарлық" (қазақ) - жастарға арналған ток-шоу. Тікелей эфирде оқушылар, студенттер және жас жұмысшылар проблемасы әңгіме арқауына айналады. Хабар барысында студияда жастар көшбасшылары, ЖОО-ның оқытушылары, кәсіпкерлер, социалогтар мен психологтардан құралған эксперттер құрамы көтерілген мәселеге орнықты әрі пайымды жауап берген катысушыны анықтайды. Авторы – Әлия Ыбыраева. 45 мин. Апта сайын, сәрсенбі, 18.00

"Айтарым бар..." (қазақ) - тікелей эфир бағдарламасы. Хабарда білім, денсаулық, мәдениет және діни құрылымдар жайлы мәселелер көтеріліп, әңгіме өзегіне айналады. Әңгімеге көрермендер және өмірдің алуан саласының мамандары катысады. 30 мин. Аптасына 5 рет, 19.20

"Музей әлемі" ("Мир музея", қазақ, орыс)- мәдени танымдық бағдарлама. Циклды хабарда Семей музейінің қорындағы кәделік және ескі жәдігер туындыларымен катар осы заманғы өнер құндылықтары әңгіме өзегіне айналады. Жүргізушілері музейдің ғылыми қызметкерлері. 30 мин. Апта сайын, 20.30

"Атқан таңға ақ тілек" (қазақша)- тікелей эфирдегі ақпараттық көңіл-көтерушілік бағыттағы бағдарламауылы Таңертеңгілік бағдарламада айдар жанрына орай саналуан мәселелер көтерілді. 120 мин. Күн сайын, 7.30 -9.30

"Шапағат шуағы" (қазақша)- тікелей эфирдегі ақпараттық-көңіл көтерушілік бағыттағы бағдарлама. Айдарлар аясында алуан бағыттағы проблысыемалар тілге тиек болып, аудиторияға ұсынылды. 60 мин. Күн сайын, сағат 12.00-13.00

"Апта жаңалықтары" ("Тема недели", орысша)- аналитикалық бағдарламада – аймақ экономикасы, өңірдің аса маңызды салаларының көкейтесті проблемалары, денсаулық саласы, халықты әлеуметтік жағынан қорғау мәселелері көтерілді. Авторы – Вера Кропачева. 60 мин. Апта сайын (сейсенбіде қайталанады)

Жұмадағы жүздесу (қазақша)- көңіл көтерушілік, танымдық бағыттағы бағдарлама. Хабарда өңірдің шығармашылық саладағы серкелерімен (актерлер, суретшілер, әншілер) көрермендер жүздесіп отырады. 60 мин. Айына 1 рет, жұма күні 20.30

Дереккөздер

Санат:Семей Санат:Телебағдарламалар