Хуршид Даврон', — өзбек ақыны, драматург, жазушы, тарихшы, аудармашы. Өзбекстанның халық ақыны.

Өмірбаяны 1952 жылы 20 қаңтарда Самарқан қаласында (Өзбекстан) дүниеге келген. Анасы жағынан Қожа Ахмад Касаниның (Махдум-и Ағзам, Имам Дахбеди) ұрпағы.

Ташкент мемлекеттік университетінің (Өзбекстан Ұлттық университеі) журналистика факультетін 1977 жылы тәмамдаған. ШығысГерманияда Кеңес Армиясының қатарында (1971-73) борышы өтеген. 19 жыл уақыт ішінде түрлі баспаханаларда қызмет атқарған(1974—1992). 1979 жылдан Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі.

Ол сопылық ілім, Самарқан , Әмір Темір және Түркістан тарихы бойынша алдыңғы қатарлы мамандардың бірі. Оның өлеңдері мен кітаптары Әзербайжанда, Польшада, Болгарияда, Ресейде, Түркияда, Францияда, Испанияда, АҚШ-та, Англияда, Жапонияда, Мексикада, Тәжікстанда, Кореяда және тағы басқа әлем елдерінде жарық көрген. Түрлі Халықаралық поэтикалық фестивалдарға, сондай-ақ 1996 жылы АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен Азия жазушыларының конгресіне қатысушы.

Оның аударуымен өзбек тілінде Николай Заболцкийдің, Мариса Чаклайстің еңбектері жарық көрген.

"Темурнома" ("Әмір Темір") деректі-көркем фильмінің авторы. " Ұлы Жібек жолы " , "Бабыр сағыншы", "Алғул (Ұлықбек)"атты сазды спектакллердің авторы.

Өзбекстанның Халық ақыны (1999)

Кітаптары

"Qadrdon quyosh" — 1979 жылғы өзбек тіліндегі поэтикалық жинақ. "Shahardagi olma dara[nb" — 1979 жылғы өзбек тіліндегі поэтикалық жинақ. "Tungi bog’lar" — 1981 жылғы өзбек тіліндегі поэтикалық жинақ. Древний напев молодого дождя.1982 "Uchib boraman qushlar bilan" — өзбек тіліндегі поэтикалық жинақ.1983 "Томирис (Тұмар ханша)ning ko’zlari" — өзбек тіліндегі поэтикалық жинақ.1984 "Bolalikning ovozi" — өзбек тіліндегі поэтикалық жинақ.1986 "Qaqnus" — өзбек тіліндегі поэтикалық жинақ.1987 Полет одинокой птицы — өзбек тіліндегі поэтикалық жинақ.1988 "Samarqand xayoli" — тарихи проза кітабы,1991 "Sohibqiron nabirasi" — тарихи проза кітабы,1995 "Shahidlar shohi" — Повесть. "Bahordan bir kun oldin" — поэтикалық жинақ,1997 "Bibixonim qissasi" — тарихи проза кітабы,2007 "Shayx Kubro tushlari" — Повесть, 2008

Аудармалар Николай Заболоцкий. Турналар (Журавли). Шеърлар. Тошкент, 1985 Марис Чаклайс.Отўйин (Карусель). Тошкент, 1986 Денгиз япроқлари (Dengiz yaproqlari) (Листья моря). Япон шеърияти антологияси. Тошкент, 1988 Қирқ ошиқ дафтари (Qirq oshiq daftari) (Сорок влюбленных). Тошкент, 1989

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Персональный сайт автора (на узбекском языке) Персональный сайт автора (на русском языке) Биография на сайте peoples.ru Twitter страничка Хуршида Даврона) Хуршид Даврон в Facebook Хуршид Даврон в Youtube Биография Хуршида Даврона Хуршид Даврон в узбекской Википедии Хurshid Davron в азербайджанском Википедии Хуршид Даврон в турецкой Википедии Хуршид Даврон в русской Википедии

Санат:Өзбекстан жазушылары