Венедикт Николаевич Матвеев (лақабы Март, Марьин) (1896 жыл, 27 наурыз, Владивосток) – ақын-футурист, жазушы, өлкетанушы, жапон тілінен аудармашы. Иван Елагин ақынның әкесі.

Өмірі

Гимназияда оқып жүріп кітап жаза бастаған. 1914 жылы Владивостокта алғашқы «Порывы» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Әкесінің баспасында «Хайшин-вей» баспа белгісімен «Черный Дом» және «Песенцы» атты өлеңдер жазылған кітабы шығады. 1918 жылы Жапонияға сапарға шығады, хокку мен танка жазады. Оның «Песенцы» жинағында жапон ақындарынан аударған еңбектері кездеседі. 1920 жылы жаз айында Харбинге кетеді. Көне қытай тілінен аударылған және өзінің жеке еңбектері жазылған шамамен 12 кітабы жарық көрген. 1922 жылы «На любовных перекрёстках причуды» атты новелла-минитюра жазады.

Жағымсыз істері

Ол морфий мен опиум шегуге құмар, ішімдікке жақын болады.

Отбасы

Әйелі және баласы болған. 1923 жылдың соңында әйелі және 15 жасар баласымен КСРО-ға оралады. Сергей Есенинмен дос болған. Екі рет сотталып, жазасын өтеп шыққан. 12-15 маусым аралығында ату жазасына кесілген.

Кітаптары

• «Черный Дом».1917 • «Песенцы». 1917 • «Фаин».(Совместно с Гавриилом Эльфом) 1919 • «Тигровьи чары». 1920 • «На любовных перекрестках причуды». 1922 • «Логово рыжих дьяволов. О Шанхае». 1928 • «Речные люди. Повесть для детей из быта „Современного Китая“». 1930 • «ДЭРЭ — водяная свадьба. Рассказ». 1932 • «Ударники финансового фронта». 1933

Дереккөздер

Санат:27 наурызда туғандар Санат:1896 жылы туғандар Санат:Владивостокта туғандар Санат:1937 жылы қайтыс болғандар Санат:Киевте қайтыс болғандар Санат:XX ғасырдағы орыс жазушылары Санат:Орыс жазушылары Санат:Орыс ақындары Санат:КСРО жазушылары Санат:Орыс тіліне поэзия аудармашылары Санат:Қытай тілінен аудармашылар Санат:Жапон әдебиеті аудармашылары Санат:Орыс футуризмі Санат:Орыс авангарды ақындары Санат:Лақап есімімен танымал әдебиетшілер Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:Өлім жазасына кесілген жазушылар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:Матвеевтер (әдебиетшілер әулеті)