thumb|240x240px|Қара құрдымның тұңғыш тікелей суреті, Messier 87

Қара құрдым () — жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын еш жібермей, өзіне тартып ала алатын, массасы өте ауыр жұлдыз дене (үңгір емес).

Массасы белгілі шамадан жоғары тұрақты жұлдыз өзінің термоядролық реакциясына қажетті отыны таусылған соң тартылыс күшінің әсерінде ішіне қарай шұғыл жемірілуден деформацияланып қара құрдым пайда болады. Қара құрдымның массасы өте жоғары, тартылыс күшінің өрісі тым жойқын болғандықтан, ешқандай материя, магнитті толқын, жарық жылдамдығында қозғалады делінетін жарық радиациясы одан қашып құтыла алмайды (оның бетіне түскен жарық ешқашан кері шағылыспайды), сыртқа еш жарық шығармайды. Құрдымның "қара" деп аталу себебі: ол оқиға көкжиегіне (Event Horizon) түскен бүкіл жарықты сорып алады, жарық шағылыспағандықтан, оны термодинамикадағы абсолютті қара дене ретінде қарастыруға болады. Демек, ол қап-қара дене болып ештеңені, тіпті өзін де көрсетпейтіндіктен, "қара тесік" деген мағынада "black hole" деп аталған. Қазақша "құрдым" сөзі "біткен, құрыған, жоғалтушы, жоюшы, тауысушы, ақырластырушы" мағынасында айтылған. нобай|оңға|300px|Үлкен Магеллан тұмандығындағы қара құрдымның ұқсатылған суреті, күшті тартылыс күшінен кеңістік иілген Қара құрдымның айналысында математикалық жолмен дәлелденген оқиға көкжиегі (Event Horizon) деген қабат бар, ол оқиғалардың енді ары қарай айқындалмайтын, оның ар жағын бақылау, өлшеу мүмкін емес шек-шекарасы өңірі есептеледі. Квант өрісі теориясы оқиға көкжиегі радиация бөлетінін дәлелдейді, сонымен қатар айрықша температуға да ие болатыны айқындалған. Осы температура Қара құрдымның массасына кері пропорционал болғандықтан, олардан бөлінетін радиацияның мөлшерін анықтау қиынға соғады.

Жұлдыздық дене Ғаламатжұлдыз ретінде жарылыс жасағанда нейтрондар арасындағы өзара тебу күші сыртқы қысу күшінен асып кетеді де, ол жоғары тығыздыққа ие нейтрон жұлдызына айналады. Сол кезде осынау жойқын қысым күшіне ештеңе төтеп бере алмайды да, жұлдыз үздіксіз кішірейіп, ең соңында Қара құрдымға айналады. Қазірге дейін ең кішкене қара құрдым 3.8 күн массасына тең. 400px|frame|alt=Schwarzschild black hole|Гравитациялық линза арқылы ұқсатылған қара құрдым, жұлдыздың артқы көрінісіндегі деформацияны да байқауға болады.

Қара құрдымды тіке бақылау мүмкін емес, бірақ жанама тәсілдер арқылы оның бар екенін, шамасын, оның басқаларға қаншалық күш түсіріп жатқанын зерттеуге болады. Зат (жұлдыз) әдетте жұтылудан бұрын жоғары температураға ие ультракүлгін сәулесі мен рентген сәулесін төңірегіне шығара бастағанда, оның Қара құрдымның ырқына құлай бастағаны белгілі болады. Қара құрдымның белгісі тұрақты жұлдыздар мен галактикалардың, тұмандықтар мен жұлдыздар тобының Қара құрдым төңірегінде үйіріліп, өз орны мен массасынан айырыла бастағанда, жанама түрде Қара құрдымның бар екендігі айқындалады. нобай|оңға|200px|Шварцшильд қара құрдымы айналасындағы Эйнштейн сақинасын шолу. Қара құрдым — қазіргі физика тарихында жұрттың жаппай назарын аударған тақырыптардың бірі. Фантазиялық әдебиетте, кинода, тіпті БАҚ-тарда қара құрдым туралы айтылымдар көп кездеседі. Бүгінге дейін Қара құрдымды астрономия, физика және астрофизика саласындағы көптеген зерттеушілер бірдей қолдады және ол туралы көптеген есептеулер мен бақылау қорытындыларын жариялады. Ақыры адамзат Қара құрдымның кескінін де суретке түсіре бастады.

Аса алып Қара құрдымның тұңғыш суреті thumb|right|300px|Аса алып эллиптикалық галактика Мессье 87-нің өзегіндегі алып қара құрдым. Үлкендігі күннен 7 млрд есе үлкен, суретті тұңғыш рет Оқиға Көкжиегі Телескопы (10 сәуір, 2019ж.) жария етті. Адамзат баласы аса алып қара құрдымның кескініне тұңғыш рет көз салды.Сілтеме: https://www.theverge.com/2019/4/10/18303661/first-picture-black-hole-sagittarius-event-horizon-telescope Бұл 2019 жылы суперкомпьютердің, бес құрлыққа орналасқан сегіз телескоптың, жүздеген ғалымдар мен аса ауқымды деректер қорының нәтижесі. Бұл зерттеу жобасы - Оқиға Көкжиегі Телескопы (the Event Horizon Telescope. EHT) деп аталып, тікелей эфирде 10.04.2019ж. халықаралық баспасөз конференциясын өткізді. Бұл сурет әлемдегі астрономия оқулықтарына тіке материал ретінде еңгізілетін болады. Ол Эйншейннің Жалпы мағынадағы салыстырмалы теориясын тағы дәлелдеді, астрофизикаға жаңа бет ашып, ғарыш туралы түсінігімізге жаңа мазмұн қосты.

Қара Құрдым өте тылсым ғарыштық құбылыс екені белгілі. Осыған дейін ол теория жүзінде дәлелденгенімен, галакиткалар өзегінде болуы мүмкін деп болжанғанымен, бірақ нақты мынау деп расталған жоқ болатын.

Ал, бұл суреттегі айналасын атқылаған жарық қоршаған қара шар аса жойқын Месье 87 (M87) галактикасының өзегінде орналасқан болып, жер шарынан 53 млн жарық жылы қашықтықта жайласқан. ЕНТ зерттеушілерінің есептеуі бойынша, бұл қара құрдымның массасы біздің күніміздің массасынан кем дегенде 7 млрд есе үлкен екен. М87 галактикасы соған дейін де ғарышты телескоппен шарлаушылардың қызығуын оятқан еді. Кейбір алғашқы суреттер бойынша оның орталығынан үлкен плазмалық ағын бүркіліп жатқандай көрініпті. Ғалымдар бұл бүркуді Қара Құрдымдық оқиға көкжиегіне қатысты деп жорамалдайды. М87 қара құрдымының жоғары жылдамдығы субатом бөлшектеріне жоғары жылдамдық сыйлап, олар ғарышқа атылып шығып, сол арқылы оны ғарыштан байқауға мүмкіндік туады. Сөйтіп айналасына шашыраған субатомдар жалыны оны алыстағы ортасы қараңғы астрономиялық жарық шоғына айналдырған.

ЕНТ телескопы дәстүрлі формадағы телескоп емес, ол бес құрлықтағы сегіз радиотелескопты біріктірген телескоптар торабы.

Бұл сурет көпке жарияланардан бұрын қатысты сала мамандарының күрделі сараптауынан өткен болатын. Ақыры, қара құрдым суретін түсіру алғаш рет сәтті болғаны расталды.

Зерттеушілер қара құрымның қалай өсуін және қандай материалдар қара құрдымның оқиға көкжиегіне сіңіп жатқанын білгісі келеді. Бұл зерттеу сондай-ақ біздің Құс жолы галактикасының ортасындағы Мерген А Қара құрдымын түсіндіруге де көмектесері анық.

Әсіресе, бұл зерттеу Эйнштейн теориясын дәлелдеуге де көмек береді. Оның гравитациялық толқынды түсіндіретін жалпы мағынадағы салыстырмалы теориясының өмірге келгеніне 100 жылдан асты.Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=hMsNd1W_lmEСілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=9DILtg_9dcU

Қара құрдымның жаңа суреттері нобай|оңға|250px|Қара құрдым жүйесі (ағылшынша) Таяуда алып қара құрдымның жаңа фотолары жарияланды.https://edition.cnn.com/2021/03/24/world/black-hole-magnetic-field-image-scn/index.html

6,5 миллиард күн массасындай, диаметрі 38 миллиард километр келген алып қара құрдымның поляризацияланған жаңа фотосын 2021 жылы 24 наурызда "Astrophysical journal"-ында жарияланды, кейінгі байқағандай ол магнит өрісі сызықтары болуы мүмкін.

Бұл қара құрдым жершарынан 55 миллион жарық жылы қашықтағы алып галактика ортасында орналасқан, галактика ішінде кем дегенде 1 триллион жұлдыз бар дейді, диаметрі 120000 жарық жылы келеді екен.

2019 жылы сәуірдің 10-ы алғашқы қара құрдым байқалған еді, онда фото бұлыңғыр болатын, қазіргі фотода сызықтар алма-кезек орналасқан.

Бұны жершарының әр жерінде орналасқан 8 радио телескоптан құралған The Event Horizon Telescope байқаған.

Айтпақшы, егер диаметрі 1300000 километр болған күн кездейсоқ қара құрдымға айналса, онда ол диаметрі тек 3,5 километрге кішірейюі керек болады. Әдетте қара құрдымнан жарық құтыла алмайды, бірақ Stephen Hawking қара құрдым қара емес, ол сұр, одан аз мөлшердегі бөлшектер ұзақ уақыттан кейін құтыла алады деген еді.

Екінші Қара Құрдым болуы мүмкін бе?

Қара құрдым көлеңкесінің алғашқы кескінін алған Оқиға Көкжиегі Телескопы (EHT) коллаборациясы 2021 жылы 1 сәуірде Бикештегі M87 галактикасының кеңейтілген кескінін жариялады. Жаңа деректерге сәйкес, галактика орталығында қара құрдымға ұқсас екінші нысан бар болып шықты!

Алайда жалпы салыстырмалылық теориясына сәйкес, бұл екі нысан, гравитациялық толқындар шығара отырып, бірігіп кетуі тиіс. Сондықтан бұл көлеңкелерді қара құрдымдар емес, басқа ғарыштық нысан, мысалы қараңғы материядан түзілген алып шарлар түсіруі ықтимал. Әрине, мұндай құрылым осы уақытқа дейін ешқашан бақыланбады, дегенмен бүгінгі күні бәрі де мүмкін.

Бейресми ақпарат бойынша, Швед корольдік ғылым академиясы, қара құрдымдардың түзілуі жалпы салыстырмалылық теориясының салдары екенін ашқаны үшін 2020 жылғы Нобель сыйлығын иеленген физик Роджер Пенроузға, мәселенің мән-жайы анықталғанша сыйлықты кері өткізе тұруға ұсыныс жасаған. 89 жастағы ардагер ғалымның қандай жауап бергені белгісіз. Құс жолы центріндегі жойқын қара құрдым Қара құрдым көлеңкесінің тарихтағы алғашқы кескінін алған Оқиға Көкжиегі Телескобы (EHT) коллаборациясы 2022 жылы 12 мамырда баспасөз мәслихатын өткізді. Онда адамзат өмір сүретін Күн жүйесі орналасқан Құс жолы галактикасының орталығындағы Мерген A* (Sagittarius A*) аса ауыр қара құрдымының кескіні жұрт назарына ұсынылды.1st image of supermassive black hole at the center of Milky Way galaxy revealed Ashley Strickland-Profile-Image By Ashley Strickland, CNN https://edition.cnn.com/2022/05/12/world/milky-way-center-black-hole-image-scn/index.htmlTECH & SCIENCE Major Mystery Announcement About Milky Way to Be Revealed Thursday https://www.newsweek.com/nsf-milky-way-galaxy-black-hole-announcement-sagittarius-image-1704853https://www.wionews.com/photos/in-pics-nasa-shares-amazing-pictures-of-22-black-holes-in-milky-way-476489#what-is-a-black-hole-476484'Groundbreaking Result' of Milky Way's Black Hole Coming Soon https://www.cnet.com/science/space/groundbreaking-result-of-milky-ways-black-hole-coming-this-week/Zooming into the black hole at the centre of our galaxy https://www.youtube.com/watch?v=dXAU0gzsPOw

Құс Жолының орталығындағы Мерген A* аса ауыр қара құрдымы Күннен 4,3 миллион еседей ауыр, және бізден 27 000 жарық жылы қашықтықта. Салыстырмалы түрде айтсақ, Мессье 87 (M87) галактикасы — Бикеш шоқжұлдызында болып, ол бізден 55 миллион жарық жылы қашықтықта орналасқан. Оның орталығындағы M87* аса ауыр қара құрдымының массасы — 6,5 миллиард Күн массасындай. Бұл шамалар жақында ғана дәлірек өлшенген болатын.Supermassive Black Hole Sagittarius A* https://www.nasa.gov/mission_pages/chandra/multimedia/black-hole-SagittariusA.htmlBlack Hole Image Reveals the Beast Inside the Milky Way’s Heart https://www.quantamagazine.org/black-hole-image-reveals-sagittarius-a-20220512/

Мерген А* қара құрдымының оқиға көкжиегінің радиусы 12 млн км шамасында. Бұл санның мағынасын түсіну үшін салыстырмалы түрде айтсақ, Күн диаметрі 1,4 млн км, Меркурий орбитасының радиусы 58 млн км, Плутон орбитасының радиусы 6 млрд км, ал Вояджер-1 ғарыш аппараты орбитасының радиусы 23,4 млрд км.First Sagittarius A* Event Horizon Telescope Results. I. The Shadow of the Supermassive Black Hole in the Center of the Milky Way Kazunori Akiyama1,2,3, Antxon Alberdi4, Walter Alef5, Juan Carlos Algaba6, Richard Anantua3,7,8, Keiichi Asada9, Rebecca Azulay5,10,11, Uwe Bach5, Anne-Kathrin Baczko5, David Ball12 https://iopscience.iop.org/article/10.3847/2041-8213/ac6674

Теориялық негіздеу тарихы нобай|Хабл телескопының көмегімен алынған кескін: M87 белсенді галактикасы. Галактиканың ядросында тұжырым бойынша қара құрдым орналасқан. Суреттен 5 мың жарық жылы қашықтықтағы релятивистік ағын да байқалады. Жарықты кері шағылыстырмайтын, үлкен тартылыс күшке ие, массасы өте тығыз денелердің болу мүмкіндігі туралы ең алғаш айтқан XVIII ғасырда ағылшын геологі Джон Митчел (John Michell) болды. Ол 1788 жылы Генри Кавендишке жазған бір хатында осы идеяны алға қойған. Оның айтуынша, күнмен тең салмақтағы аспан денесінің радиусы тек 3км ғана болса, онда бұл аспан денесі көрінбейді, нұр атаулыны түгел өзіне жұтып қояды.