Қарулық – дәстүрлі халықтық жоралғы. Елді мекенге жаңадан көшіп келіп, қоңсы қонған отбасына сол жерде бұрыннан тұрып жатқан көрші-қолаңдар ерулікке шақырып қонағасы береді. Жаңадан қоныстанған отбасы әбден жайғасып алған соң әлгі көршілерді мал сойып қонаққа шақырады. Мұны қарулық деп атайды. Қарулық сыйға-сый, меймандостыққа ықылас көрсету болып табылады. Қазақ халқындағы “ерулікке – қарулық” көрсету көршілер арасын жақындастыру, бірін-бірі жатсынбай араласып тұру мақсатында жасалған. Қарулық қазақ халқының қонақжайлық қасиетін, рухани әлемінің жоғары екендігін паш етеді. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер</span>

Санат:Салт-дәстүрлер