Жамантұз — Ертіс алабындағы тұзды тұйық көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданында. Барлыбай ауылынан шығысқа қарай 20 км жерде, теңіз деңгейінен 110 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 9,3 км2, ұзындығы 5,3 км, енді жері 3,2 км. Жағалау бойының ұзындығы 15,4 км. Суы қарашада қатып, сәуірдің басында ериді. Көлдің шығысында Қосерін, Аралсор, т.б. тұзды көлдер орналасқан. Жағасында қамыс өседі. Мал суаруға пайдаланылады.‎

Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері Санат:Ертіс су алабы