Жиделіөзен – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Ақтас тауынан алып, Ақтас ауылынан 25 км жерденДулығалы өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 40 км. Жайылмасында Бірман, Талап, т.б. қыстаулар бар.
Гидрологиясы Қуаңшылық жылдары қарасуларға бөлініп қалады. Арнасы тар. Жайылмасында бұталы өсімдіктер мен жусан, еркек шөп өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы