Жұлдызтүк () – орамжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда жартастар мен шатқалды жерлерде өсетін – күрек тәрізді Жұлдызтүк (F. spathulata) бар. Биіктігі 6 – 25 см-дей. Бұтақталып келген сабағының сыртын жұлдыз тәрізді қалың түк жапқан. Сабағының түбіндегі жапырақтары дөңгелек, ал сабақ бойындағысы – ланцет тәрізді, үшкір болады. Қызыл, қызғылт, кейде ақ гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бұршаққын. Күрек тәрізді Жұлдызтүк – сирек кездесетін түр, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тарбағатайда өседі, қорғауды қажет етеді.
"Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Орамжапырақтар