Иректіс, берула () – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық батпақ өсімдіктері.
Қазақстанда Іле, Күнгей Алатаулары мен Батыс Тянь-Шаньдағы Қаратаудың өзен-көл, жылғалар мен арықтардың жағалауларында өсетін 1 түрі – түзу Иректіс (В. erecta) бар. Оның биіктігі 50 – 60 см, тамыры шашақталған, сабағының іші қуыс, сырты жіңішке тілімденген. Жапырақтары негізінен судың ішінде жатады, су бетіне шыққандарының сағақтары әлсіз, ұзынша немесе қауырсынды тілімденіп келеді. Тостағанша жапырақшаларының жіңішке тісшелері анық көрінеді, күлтелері ақ түсті, пішіндері жұмыртқа тәрізді. Гүлдері 15 – 20-дан топталып, шатырша гүлшоғырын құрайды. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі домалақ, ұзындығы 2 мм-дей болады“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Түрлері Berula bracteata (Roxb.) Spalik & S.R.Downie Berula burchellii (Hook.f.) Spalik & S.R.Downie Berula erecta (Huds.) Coville – түзу иректіс Berula imbricata (Schinz) Spalik & S.R.Downie Berula repanda (Welw. ex Hiern) Spalik & S.R.Downie
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме Берула - семена растений
Санат:Шатыршагүлділер Санат:Тұщы су өсімдіктері