Келінтөбе каналы – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы канал. 1966 жылы пайдалануға берілген.
Гидрологиялық сипаты Жалпы ұзындығы 86,4 км. Секундына 202 м3-ге дейін су өткізеді. Канал бойындағы су құрылымының саны 20. Жаңақорғанның бас каналының тармағы болып есептелетін Келінтөбе каналы күріш, мақта дақылдарын суғару, суландыру үшін пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысы каналдары