Көкқиясай, Төрқора, Итқырылған – Сырдария алабындағы өзен. Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс беткейінде.

Географиялық орны Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігіне қарасты аумақпен ағады. Ұзындығы 68 км, су жиналатын алабы 274 км2, су ағымы Ойық ауылы тұсында 0,4 м3/с.

Бастауы Тұрлан аулы маңында Ақжарсай және Рабатбұлақ өзендері қосылған жерден басталып, Арыс-Түркістан каналына құяды.

Гидрологиясы Жоғарғы ағысында тауаралық шатқалмен ағады, төменгі ағысы жаз айларында тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Кентау қалалық әкімдігі өзендері Санат:Сырдария су алабы