Ақ жусанҚазақ Энциклопедиясы () – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын, жусан туысының бір түрі; көп жылдық шөптесін өсімдік.

Қазақстанның Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстарындағы шөлді және дала аймақтарының құмайт, құмды және сортаң топырақты жерлерінде, кейде ескі егістік алқаптарда өседі. Биіктігі 18-45 см, сабағы мен жапырақтарын ұйысқан қалың бозғылт сұр түк басқан. Тамыры жуан, сүректі келеді. Сабағы бұтақты, жоғарғы жағындағы жапырағы сағақты, орта шетіндегілері сағақсыз қауырсын тәрізденіп 2-3 рет тілімделген. Гүлі қос жынысты, күлтесі сары, не қызғылт түсті. Гүл шоғында 2-3 гүл болады. Тамыз — қазан айларында гүлдейді. Ақ жусан — қорегі мол, малды тез семіртетін күздік және қыстық жайылымдық шөп.«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;

Дереккөздер

Санат:Жусандар Санат:Күрделігүлділер