Бақажапырақ , тартар, жолжелкен () – бақажапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін, кейде шала бұта түрінде өсетін өсімдіктер туысы.

Биологиялық сипаттамасы Жер шарының барлық жерінде өседі, 260-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарында таралған 16 түрі бар. Оның ішінде үлкен бақажапырақ (P. major), орташа бақажапырақ (P. medіa), қандауыр бақажапырақ (P. lanceolata) түрлері көбірек тараған. Олар өзен-көл жағалауларында, тарда, шөлді-далалы, арамшөп өскен бос жерлерде, жол бойында, құрылыс маңында өседі. Сабағының биіктігі 20 – 70 см-дей. Жапырақтары сопақша, жалпақ қандауыр пішінді, бүтін жиекті, олар тамыр түбіне шоғырланып өседі. Сабақ бойына қарама-қарсы, кейде кезектесіп орналасады. Ұсақ гүлдері ақшыл қоңыр, сиректеу ашық көгілдір түсті, масақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Мамыр – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қос ұялы қорапша. Піскен кезде жарылып ашылады. Тұқымы мен жапырақ құрамында гликозид, каротин, фитонцид болады, сондықтан оны медицинада пайдаланады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Жинау мерзімі Гүлдеп тұрғанда дәрігер бақажапырақтың жапырағын жинайды. Қағазға немесе шүберекке жайып кептіреді. Ауық-ауық аудандастырып тұру керек, жапырақ сағағының морт сына бастауы кепкені. Кепкен жапырақты сақтау мерзімі- 2жыл. Мерзімі өткенді қабылдауға болмайды, емдеудің орнына улаы ғажап емес. Күзде тұқымдарын жинайды.

Медицинада қолданылуы Бақажапырақты білмейтін адам жоқ деуге болады, себебі дәрілік мақсатта ата-бабаларымыз жиі қолданған. Оның ең бастысы: теріне шыққан жараның барлық түріне тартқан. Асқазан ауырғанда жапырағын езіп шырынын ішкен. Осы күнгі халық медицинасында бақажапырақты әртүрлі ауруларға пайдаланады. Бақажапырақтың жапырағында аукубин глюкозиді, ащы зат, илік заттар, калий тұзы, лимон қышқылы, 11% шырышты зат, каротин майы, нәруызды заттар мен майлар болады.

Дереккөздер

Санат:Бақажапырақтар