Бәйбіше – Арал Қарақұмы мен Бетпақдала аралығындағы таулы жота.

Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25-27 км-ге созылған, абсолюттік биіктігі 254 м. Оңтүстік-батыс беткейі тік жарқабақты. Шығыс беткейі еңіс, батыс және оңтүстік беткейлері сай-жырамен тілімденген.

Геологиялық құрылымы Палеоген жыныстарынан тұратын тау үсті жазық, мүжілген.

Топырағы, өсімдігі Шөлді белдемнің бұл өңірі сұр, бозғылт сұр топырақты. Онда бұйырғын, тасбұйырғын, астық тұқымдас өсімдіктер мен ақ жусан өседі. Бәйбішетау маңайы жайылым ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жалағаш ауданы таулары Санат:Қармақшы ауданы таулары