Бөрікгүл , артишок (Cynara) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.
Жерорта т. аймағы мен Канар а-нда кездесетін 10 түрі белгілі. Қазақстанда мәдени түрде өсірілетін 1 түрі – тікенді Б. (С. scolymus) бар. Биікт. 0,5 – 2 м. Сабағы жуан, тік, қырлы, сыртын түк басқан. Ірі жапырақтары сабақ түбіне шоғырланған. Күлтесі көкшіл түсті. Себет гүлдері ірі, бұтақтарының ұшында жеке жетіледі. Айқас тозаңданады, тұқымынан және сұлама бұтағынан көбейеді. Маусым – қазанда гүлдеп, жемістенеді. Тұқымдары қоңыр түсті, айдаршасы бар. Жемісін тағамға пайдаланады. Әсемдік өсімдік. Құрамы 100 г бөрікгүлде – 57 ккал бар.
Бөрікгүлде жасұнық, калий, кальций, темір, фосфор, каротин, B1, B2, PP және C дәрумендері бар.
Пайдаланылуы Бөрікгүлде, ең алдымен, гүлтұғыры және жапырақтар жұмсағы жеуге жарамды болып табылады. Бөрікгүлдің сабағын және төбесін кесеміз, қарайып кетпес үшін лимон шырынын бүркеміз және тұздалған суда 20 минут қайнатамыз. Жапырақтар қалауыңыз бойынша дайындалған тұздықтарға батырылады, ал ішкі жағы – яғни гүлтұғыры бөрікгүлдің ең тәтті жері болып есептеледі және бөлек қолданылады немесе салаттарға қосылады. Бөрікгүл денсаулық үшін пайдалы
Оның құрамында қант – инулиннің бар болуы арқасында – бөрікгүл қант сусамырымен ауыратын адамдармен қолданыла алады. Сонымен қатар, бөрікгүл холестерин мен триглицеридтардің деңгейін азайтатын дәрілер өндірісінде де қолданысын тапқан. Сонымен бірге, бөрікгүл жапырақтарында флаваноидтар бар, олар бауыр мен өт қабының жұмысын реттейді. Флавоноидтер қатты антиоксиданттар болып саналады – олар бос радикалдарды жояды және онкологиялық дерттердің пайда болу қаупін азайтады. Табиғи косметикалық құрал Бөрікгүл косметикада және косметика өндірісінде бағалы өнім болып табылады. Сүт, тоник, крем және бетперде сияқты косметикалық құралдардың құрамына кіреді. Теріге қорғаныш, тазалағыш, асептикалық және тартылу әсерін береді, қабыну үдерістерінің алдын алады, безеулерді емдеу кезінде көмектеседі. Ауырсындырмайтын, вирусқа қарсы және аллергияға қарсы қызмет атқарады.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сілтемелер Артраксон
Сыртқы сілтемелер Артишок
Санат:Күрделігүлділер