Ешкіқырған, Итқырған – Жайық алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Қобда ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 66 км.
Бастауы Шыңғырлау тауынан басталып, Қоғалы аулының тұсында Қобда өзеніне құяды.
Гидрологиясы Жағалауы жазық, арнасы құмайт, тастақ. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Көктемде тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Қарашаның басында суы қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Өзенді Қобда ауданының шаруашылықтары пайдаланады.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қобда ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі