Көк шыбын () – қос қанаттылар немесе шыбындар тобының қысқа мұрттылар тармағының дөңгелек тігісті тұқымдасына жататын өлексе шыбыны.

Шыбын денесінің ұзындығы 5 – 16 мм, түсі қоңыр-күлгін, немесе металдай жылтыр көк реңкті (мыс., ет көк шыбыны – (), жасыл (мыс., ет жасыл шыбыны – ). Бұл шыбындардың дүние жүзінде 900-ден астам, ал Қазақстанда оннан астам түрі кездеседі.

Жұмыртқа салатын және дернәсілін тірідей туатын түрлері бар. Дернәсілдері жануарлар өлексесінде (мысалы, өлексе шыбыны – (), бұзыла бастаған етте, кейде мал қиында тіршілік етеді. Балаң құрттары әр түрлі омыртқасыздардың денесінде (ұлу, шұбалшаң, көбелек), сондай-ақ омыртқалы жануарларда (құдыр, құс балапанының тері астында, бақа мен құрбақа тіндерінде) паразиттік тіршілік етеді. Ересек шыбындар гүлдермен, шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Кейбір түрлері адам мен жануарлардың ішек-асқазан ауруларын таратады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Түрлері Ет көк шыбыны Ет жасыл шыбыны Өлексе шыбыны 200px 200px 200px

Дереккөздер

Санат:Қосқанаттылар